Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК 4-6 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел болады деп болжанып отыр.
«6 шілдеде республиканың шығысында, оңтүстік-шығысы мен орталығында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз күн райы қалыптасатыны болжанады.
Сондай-ақ батыста күндізгі ауа температурасы біртіндеп +33+39°С дейін жоғарылайды, ал республиканың қалған бөлігінде температура: солтүстік-батыста және орталықта +25+35°С дейін, солтүстікте +25+30°С дейін, шығыста және оңтүстік-шығыста +20+30°С дейін, оңтүстікте +25+38°С дейін аздап төмендейді», делінген синоптиктер ұсынған мәліметте.