Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Алдағы екі күнде елімізде аптап ыстық болады

Алдағы екі күнде елімізде аптап ыстық болады

Қазақстан синоптиктері  13-15 шілдеге арналған ауа райы болжамы жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, бүкіл кезең ішінде шығыста, 13 шілдеде оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, Қазақстанның орталығында 45°С-қа дейін аптап ыстық болады. Республика бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

«Күндіз ауа температурасы солтүстікте және орталықта +30°С-қа дейін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +30+37°С-қа дейін төмендейді, республиканың батысында негізгі фон +25+35°С болады», делінген хабарламада.

Болжам бойынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін.

«14-15 шілдеде солтүстік-батыста, 15 шілдеде еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында күн ашық болады», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
12 шілде 2023 ж. 147 0