Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру

Семинарға облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас инспекторы Жанбота Жұмабаева, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бас маманы Нұрсұлтан Ақылбеков, ауылдық округі әкімі аппаратының және дербес бөлімнің мамандары қатысты.
Семинарда аудан әкімдігінің цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы Е.Беймбетов “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру” бағытында атқарылған жұмыстары және жүргізілген мониторингте орын алған кемшіліктер туралы баяндама жасады.
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас инспекторы Ж.Жұмабаева “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы мен мерзімі” бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.