Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол ережесін сақтау – зор жауапкершілік

Жол ережесін сақтау – зор жауапкершілік

Көліктер жол қозғалысының ажырамас бір бө­лігін құрайды. Көлік түрлері мен олар­дың санының артуына байланыс­ты жол-көлік оқиғаларының саны өсіп, адам өлімі көбеюде. Бұған жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болатын адамдар­ санының әлем бойынша қатерлі ісік пен жүрек-қан тамыр ауруларынан кейін үшінші орынға шығуы дәлел.

Жылдамдықты асырып, жол ережесі талаптарын сақ­­тамау – жантүршігерлік жол апаттарының басты се­бептері. Соның салдарынан жол үстіндегі апаттан қан­шама тағдыр үзіліп, қайғылы оқиғадан мүгедек болып жатқандар көп. Жоғары жылдамдықпен жүруді әдетке айналдырғандардың кесірінен елімізде жол-көлік апаты жиілейді.

Бүгінде құқық қорғау қызметкерлері азаматтардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар ұсы­нымдар енгізіп, автокөлік иелеріне жол қауіпсіздігі ере­жесін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Негізі барлық жол-көлік оқиғалары жүргізушінің жауапкершілігімен ті­келей байланысты болады. Белгіленген жылдамдықтан асыру, мас күйінде көлікті басқару, басып озу ережесін бұзып қарама-қарсы жолға шығып кету қайғылы жағдайға душар етуде. Сонымен қатар жол қиылысы ережесін сақтамай, жол кезегін бұзу, ақауы бар көлікті басқару, ара­қашықтықты сақтамау, адамдарды тасымалдау және жаяу жүргіншілер ережесін бұзу секілді факторлар жол-көлік оқиғасын көбейтуде.

Мұнан бөлек ауданда мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындар көп. Мал иелері (бақташылар) малды қадағалау мен бақылауға көбіне немқұрайлы қарайды. Соның салдарынан үй жануарларының кешкі мезгілде тас жолдардың жүріс бөліктеріне шығып кетеді. Содан автокөліктермен соқтығысып, аяғы қайғылы оқиғалармен аяқталады. Осыған орай мал шаруашылығымен айналысатын азаматтар кешкі мезгілде малды қадағалаусыз қалдырмауы тиіс.

Жалпы әркім «жол ережесін қатаң сақтау» деген қарапайым ғана қағиданы естен шығармауы қажет. Жол ережесін сақтау – әрбір адамның өз өміріне деген жауап­кершілігі әрі бірден-бір кепілдігі. «Темір тұлпар» тізгін­дегендердің тәртібі түзелмей, әр жүргінші өз жауап­кершілігін жете түсінбей, жағдайдың оңға басуы қиын. Сондықтан жолда жүргенде абай болған жөн!



Ғ.АЛДАНАЗАРОВ,
А.Тоқмағамбетов ауылдық 
округінің әкімі
Фото: ашық дереккөзден
15 шілде 2023 ж. 121 0