Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шілде айының ауа-райы болжамы

Шілде айының ауа-райы болжамы

Қазгидромет синоптиктері шілдеге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктердің болжамынша, шілдеде республиканың басым бөлігінде ауаның орташа айлық температурасы нормадан 1-2 °С жоғары, елдің солтүстік жартысында норма шамасында болады.
"Ай бойы Қазақстан аумағында ауа райының антициклоналды түрі басым болады. Күн ыстық және жауын-шашын аз түседі деп күтілуде, тек жекелеген күндері циклондардың өтуімен найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, желдің күші 15-25 м/с дейін барады", - делінген хабарламада.
Республиканың батысында бірінші онкүндікте ауа температурасы біртіндеп төмендейді, түнгі уақытта сынап бағанасы +19... +28°С-тан +12...+23°С дейін, күндіз +30...+38°С, оңтүстік-батыста +41 градустан  +24...+32°С дейін түседі.

Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасы:
  • түнде +15...+25°С, күндіз +33...+38°С, кей жерлерде +41°С;
елдің оңтүстік жартысында:
  • түнде +20...+30°С, күндіз +37...+45°С, таулы аудандарда +30°С, бірінші онкүндіктің соңында +10...+15°С дейін төмендейді.
Елдің шығысында да күн ысиды: түнде +12...+20°С-тан +20...+28°С дейін, күндіз +27...+35°С-тан +33...+41°С дейін жоғарылайды. Онкүндіктің соңында ауа температурасы +7...+10°С-қа төмендейді деп болжанып отыр.

Айдың басында елдің батысы мен солтүстік-батысында, 5-7 шілде аралығында солтүстік пен орталықта, онкүндіктің аяғында оңтүстік және шығыс бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқырайды, жел (дауыл, шаңды дауыл) күшейеді.

Екінші онкүндіктің басында елдің батысы мен солтүстік-батысында ауа температурасы көтеріледі, онкүндіктің ортасынан температуралық фон республиканың барлық аумағында жоғарылайды деп күтілуде:
  • батыста және солтүстік-батыста: түнде +22...+30°С дейін, күндіз +33...+43°С дейін;
  • солтүстікте, орталықта және шығыста: түнде +15...+23°С дейін, күндіз +28...+39°С дейін;
  • оңтүстік және оңтүстік-шығыста: түнде +18...+27°С дейін, күндіз +35...+43°С дейін.
Үшінші онкүндікте елдің оңтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде +10...+17°С-тан +17...+25°С-қа дейін, күндіз +22...+33°С-тан +30...+38°С-қа дейін, солтүстік жартысында түнде +5...+13°С-тан +13+20°С-қа дейін, күндіз +18...+26°С-тан +26...+33°С-қа дейінгі аралықта құбылады.
01 шілде 2021 ж. 863 0