Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тереңөзек кентінде көшелер жөнделуде

Тереңөзек кентінде көшелер жөнделуде

Жолдың сапалы болуы әрбір тұрғын үшін маңызды. Сондықтан жыл сайын жолды жөндеуге мемлекеттен қаржы бөлініп, барлығы жоспар бойынша кезектілігімен іске асуда.

Аудан әкімінің орынбасары Р. Еспенбетов кентте орналасқан Қ.Бөдеев көшесін жөндеуден өткізіп жатқан мердігерлермен кездесіп, жұмыстың барысымен танысты.

Бөдеев көшесі бойынша жолдың ұзындығы 2 шақырым және ені 6 метр асфалттанады, 3 жерде аяқ су арығының трубасы ауыстырылып қайта салынатын болады. Мердігер мекеме "Әлем Қызмет Group" ЖШС-і тиісті жұмыстарды жүргізуде.

Жалпы айта кетер болсақ, Тереңөзек кенті бойынша ағымдағы жылы А.Алиакбаров, Д.Қонаев, Ә.Тоқмағанбетов, Қ.Бөдеев, Айтбай арық, Т.Қозыбаев, Б.Өтепов, Б.Момышұлы 2,3,4,5,6 көшелеріне жол жөңдеу жұмыстары жүргізілетін болады.



16 маусым 2023 ж. 248 0