Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Белсенді жастарға алғыс айтылды

Белсенді жастарға алғыс айтылды

Өздеріңізге белгілі, жастардың патриоттық сезімін ояту және Мемлекеттік Рәміздерімізді тұрғындар арасында дәріптеу мақсатында мерекеге орай аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Желбіре көк Туым" атты челендж жарияланып, өз мәресіне жетті.

Аталған челенджге аудан жастары белсенді түрде қатысып, көпшіліктің көзайымына айналғандары да болды.

Ұлттық құндылықтарымызға деген құрмет көрсетіп, Мемлекеттік Рәміздерге деген ыстық ықыластарын білдірген жастарға аудан әкімі Берік Сәрменбаев арнайы алғыс білдіріп, сәттілік тіледі.

Олар, Нұрсұлтан Кенжебекұлы - Іңкәрдария ауылдық округі, Әділбек Шүкіржан - Тереңөзек кенті, Оразкүл Сейтакбарова - Тереңөзек кенті, Ахан Нұрланұлы - Шаған ауылдық округі, Ұлпан Дайрабаева - Тереңөзек кентінен келді.

Баршаңызды марапаттарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз.

Тәуелсіздігіміз баянды, бірлігіміз бекем болып, көк Туымыз көкте мәңгі желбірей берсін.
04 маусым 2023 ж. 282 0