Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдарияда 471 түлек үлкен өмірге қадам баспақ

Сырдарияда 471 түлек үлкен өмірге қадам баспақ

Бүгін Сырдария ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында соңғы қоңырау мерекелік іс-шарасы өткізілуде.

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев №36 мектеп-лицейіндегі соңғы қоңырау мерекелік іс-шарасына қатысты.

Мерекелік іс-шара барысында аудан басшысы ұстаздар мен оқушыларды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

- Бүгінде ауданның білім саласы биік белестерді бағындырып, жыл сайын жоғары жетістіктерге қол жеткізуде.

Ауданда 17 мектепте 8219 оқушы білім алуда. Олардың 471-і биыл мектеп бітіріп, үлкен өмірге қадам баспақ. Ардақты ұстаздар, алдымен Сіздерге жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру жолындағы еңбектеріңіз үшін өз атымнан алғысымды білдіремін.

мектеп бітіруші түлектерге алдағы ҰБТ жоғары балл жинап, қалаған мамандықтарың бойынша оқу орындарына түсулеріне тілектеспін, - деді аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы.

Мектеп оқушылары өздері арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын тарту етіп, іс-шара соңында мектеп бітіруші түлектер қоштасу вальсін билеп, соңғы қоңырау соғылды.
01 маусым 2023 ж. 183 0