Зиынды заттардан бойды аулақ ұстайық
Ұрпағыңды мың бір пәледен қорғау үшін адамның санасы таза болуы керек. Сана өзгермей, қоғам өзгермейді. Бүгінгі қоғамда адамзатқа төнген қауіп көбеймесе, азаймай тұр. Сондай қауіптің қатарында арақ пен темекінің зияны бар.
Темекі адамның денсаулығына өте қауіпті. Себебі, химиялық қоспадан жасалап, оның құрамында никотин болады. Аса қауіпті никотинді шамадан тыс қолданған ересек адам уланып, өміріне қауіп төнеді. Тіпті соның салдарынан бақилық болып жатқан жандарды көріп жүрміз.
Темекі адамның денсаулығына өте қауіпті. Себебі, химиялық қоспадан жасалап, оның құрамында никотин болады. Аса қауіпті никотинді шамадан тыс қолданған ересек адам уланып, өміріне қауіп төнеді. Тіпті соның салдарынан бақилық болып жатқан жандарды көріп жүрміз.
Асыл дінімізде адам өміріне қауіп төндіретін темекі харам етілген. Бұған қатысты Алла Тағала Құранда: «Өздеріңді өз қолдарыңмен құрдымға кетірмеңдер...», – дейді. Ал Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Өзіңе де, өзгеге де зиян келтіруге болмайды» деп ескерткен. Имам Тахтауи ән-Нәжму әл-Ғазидің мына сөзін келтіреді: «Темекі Дамаск қаласында XV ғасырда пайда бола бастады. Ол мас қылмаса да адамның әлін кетіретіндігі үшін харам болады. Умму Саламадан жеткен риуаятта Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әрбір мас етуші және әлді кетіруші нәрсеге тыйым салды» делінген.
Адам баласы ішімдікке деген тәуелділіктен де сақтану керек. Оның салдарынан жұртшылықтың көріп жатқан зардабы жеткілікті.
«Он бәленің тоғызы тілден» десек, ішімдіктің 1001 зияны бар екен. Ішімдік адамды азғырып, адамгершіліктен жұрдай етеді. Мәселен, отбасындағы кикілжің, әлеуметтік мәселелердің көбінде соның салдары бар екені жасырын емес. Дос пен досты қас, ағайын мен туысты жат қылатын да осы «шайтанның» суы. «Ащы су құрдымға бастайды» дегендей, қылмыстық оқиғаның көбісінде де осы ішімдіктің зардабы бары анық.
Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Iшімдік – барлық жамандықтың көзi» деп ескерткен. Сондай-ақ «Барлық мас қылушы – арақ һәм барлық мас қылатын нәрсе харам» деп, жаман әдеттен сақтандырған. Сол себепті де адам баласы ішімдіктен бойын алыс ұстауы тиіс.
Адамға денсаулық аманат етілген және ол өзіне керек. Сондықтан әркім зиянды заттардан аулақ болып, денсаулықтың қадірін білгені жөн.
Асхат АСҚАРҰЛЫ,
аудандық мешіттің бас имамы