Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Медиация – дауларды шешудің тиімді тәсілі

Медиация – дауларды шешудің тиімді тәсілі

Қоғамдық қарым-қатынаста екі адам дауды өз­дігінен шеше алмай, одан әрі ушықтырып, соңы­нан сотқа жүгінеді. Бұл – сот тәжірибесінде жиі кез­десетін жағдай. Сот отырысында судья қаты­су­шыларды тыңдап, өз шешімін шығарады. Алайда бір тарап қанағаттанбауы мүмкін. Сол себепті ­дауды шешу барысында екі жақты қанағаттандыратын нәтижеге қол жеткізу үшін медиацияға жүгіну ұсынылады.

Медиация жүргізу алдында медиатор оған дайындық жүргізеді. Даудың шығу себебін анықтау үшін екі жақтың пікірін толық тың­дайды. Тараптардың талабына байланысты дауды шешетін, тараптарды бітімгершілікке келті­ре­тін жолдарды таңдайды. Дау­­ды шешуде медиатор бейтарап қағидасын ұстануы тиіс. Тарап­­­­тарды тыңдағаннан кейін медиа­тор дауды шешудің жолдарын ұсынады. Шешімдер ба­ла­­­­малы болуы қажет. Қоры­тын­­­­дыға кел­генде, екі тарап ше­шімге қана­ғаттанып, дауды бітім­гер­­­шілікпен аяқтауға келісіп, тату­­­­ласуға қа­дам жасауы тиіс. Осы тұрғыдан ал­ғанда медиация­ның тиімді тұс­тары өте көп.

Медиация – халық арасындағы дауларды тобықтай сөздің түйіні­мен, әділ тұжырыммен шешетін бұрынғы қазақ билері дәстүрінің жалғасы. Аталы сөзге тоқтай біл­ген дана халқымыз екі рулы ел­дің арасындағы туындаған жерге, жесірге, жетімге қатысты дау­­ларды халыққа сыйлы абыз ақса­қалдардың дана сөзімен шешкен.

Медиацияны жүргізу тарап­тар­дың өзара келісімі бойынша және олардың арасында медиация туралы шарт жасалған кезде жүзеге асырылады. Жеке және (немесе) заңды тұлғалар қа­тысатын азаматтық, еңбек, отба­сылық, әкімшілік, құқықтық қаты­настардан және өзге де қоғам­дық қатынастардан туындайтын дау­­ларды реттеу кезіндегі медиация сотқа жүгінгенге дейін де, сот талқылауы басталғаннан кейін де қолданылуы мүмкін. Судьялардың және қылмыстық қудалауды жү­зеге асыратын органдар лауазымды тұлғаларының тараптарды қандай да болмасын нысанда медиацияға мәжбүрлеуге құқығы жоқ. Тарапқа медиацияға жүгінуге ұсынысты басқа тараптың өтініші бойынша, сот немесе қылмыстық қудалау органы жасауы мүмкін. Медиацияны жүргізу медиация та­­раптары медиация туралы шарт жасасқан күннен басталады. Егер тараптардың бірі медиацияға жү­гіну туралы ұсынысты жазбаша түрде жіберсе және оны жіберген күннен бастап он күн ішінде немесе ұсыныста көрсетілген өзге де орынды мерзімде медиация рә­сімін қолдануға басқа тараптың келісімін алмаса, мұндай ұсыныс қабылданбаған болып есептеле­ді. Медиацияны жүргізу үшін тараптар өзара келісу бойынша бір немесе бірнеше медиаторды таңдайды. Егер азаматтық немесе қылмыстық сот ісін жүргізу барысында тараптар өзара келісу бойынша басқа медиаторды (медиаторларды) таңдаймын деп шешсе, олар бұл туралы сотты не қылмыстық қудалау орга­нын хабардар етуге міндетті. Ме­­диа­торлар ұйымы, егер тараптар аталған ұйымға тиісті өті­­ніш жіберсе, медиатордың (ме­­диа­­­торлардың) кандидатурасын ұсына алады. Медиацияны өт­­­­­кізу мерзімдері осы Заңның 23-ба­бы 1-тар­мағының және 24-бабы 4-тар­мағының талаптарын ескере отырып, медиация туралы шарт­пен айқындалады. Егер медиа­ция азаматтық, әкімшілік не қылмыстық процесс шеңберінен тыс жүзеге асырылатын болса, медиатор мен тараптар аталған рәсім күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде тоқтатылуы үшін барлық ықтимал шараларды қабылдауға тиіс. Айрықша жағ­дайларда шешілетін даудың күр­делілігіне, қо­сымша ақпаратты немесе құжат­тарды алудың қа­жеттілігіне байланысты медиацияны жүргізу мер­зімі медиация та­раптарының уағ­даласуы бойынша және медиа­­­тор келіскен кезде ұлғайтылуы мүмкін.

Бұл, бір жағынан, соттардың жұмысын оңтайландырса, екінші жағынан тараптардың уақытын үнемдеуге септігін тигізді. Осы тұр­ғыдан алғанда, медиация қыз­меті дауларды шешудің тиімді тә­сі­лі екенін көрсетіп отыр.

Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңы қа­был­данғалы бері, еліміздегі БАҚ бет­терінде оны насихаттау, түсіндіру жұмыстары аз айтылып келе жат­қан жоқ. Десе де, көпшілік медиация жайлы күнделікті есітіп жүргенімен, дауды соттан тыс реттеуге құлық таныта бермейді. Адамдардың бойында «дауды тек сотқа жүгіну арқылы шешуге болады» деген ұғым қалыптасқан. Дау туындаған жағдайда бір­ден сотқа жүгінеді. Тараптар ара­сын­дағы даулы мәселені сот үр­дісінен тысқары тәртіппен шешуге ең әуелі азаматтардың өзде­рі ынталы болуы қажет. Та­рап­тардан мұн­дай бастама бол­ма­ған жағдай­да, сот оларды бітімгер­шілікке келуге мәжбүрлей алмайды.

Сырдария аудандық сотына 2023 жылдың басынан 164 талап қоюлар түсіп, есепті кезеңде барлығы 105 азаматтық істер аяқ­талған. Оның ішінде 56 (53%) азаматтық істер тоқтатылған. Яғ­ни, 4 азаматтық іс бітімгершілік келісімге келулеріне байланыс­ты, олар: нұқсанды өтеу туралы даулар мен 3 қарыз ақша өндіру. 1 азаматтық іс, яғни, жер дауы бойынша партисипативтік рәсім тәртібімен тоқтатылды. Тоқ­та­тылған 56 азаматтық істердің 51-і, яғни, 91 пайызы татуластыру рәсімдері жүргізілу нәтижесінде, тараптар өзара татуласып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.

Негізінен айтқанда, бұл заң – қазақ халқының дәстүрлі билер мен ата бабалар тағылымын, әдет-ғұрып тәжірибесін қалпына келтіруге жасалған игі қадамның бірі, оның тиімділігі мол деп есептесек қателеспейміз.

Р.Алдамбергенов,
Сырдария аудандық
сотының төрағасы
Фото : ашық дереккөзден
20 мамыр 2023 ж. 374 0