Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Медиация –бітімгерлік жолы

Медиация –бітімгерлік жолы

Туындаған дауды шешудің ең жақсы тәсілі – даудан жалтару екені белгілі. Мемлекетіміз азаматтардың жағдайына алаңдаушылық білдіріп, дауды шешудің баламалы тәсілдерін заңнамалық деңгейде бекітті.Соның бірі медиация болып табылады. Осылайша, 2011 жылы 28 қаңтарда «Медиация туралы» Қа­зақстан Республикасының Заңы қабылданды және 2011 жылы 5 тамызда қолданысқа енгізілді.

«Медиация» сөзі ағылшын тілінде «кез келген дауды оған ешқандай да қатысы жоқ үшінші бір адамның – медиатордың араласуы арқылы альтернативті түр­де реттеу» деген мағынаны білдіреді. Демек, медиа­­тор дегеніміз – өзара жанжалдасушы немесе дау­­ласушы тараптардың арасында орын алған даулы мәселелерді олардың өздерін қатыстыра отырып, тараптарға тиімді жағдайда шешуді жүзеге асыратын маман. Сот өндірісінен айырмашылығы медиация барысында кінәлілер мен кінәсіздер деген тараптар болмайды. Өйткені, бұл құқық саласы қылмыс жасаушылар қатарын біріңғай бас бостандығын айыру жолымен жазалауды емес, адам құқықтары мен бостандығын қорғауды және қалпына келтіруді көздейді. Басқаша айтқанда, медиация мүмкіндігіне қарай істі сотқа жет­кізбеу мақсатын көздейді. Медиацияның тағы бір оңтайлы жағы – қаржылық жағынан соттық шығынға қарағанда төмендігінде және уақыттың үнемділігінде. Сотта іс әдетте ұзаққа созылады, ол тіпті айларға созылу мүмкін. Бірнеше мәрте сот отырыстары бел­гіленеді, оған тараптардың бірінің өкілдері келмеуі де мүмкін, сөйтіп жағдай ушыға түседі. Бұл ретте, медиацияның келесі ерекшеліктері алдыңғы қатарға шығады – тараптардың еріктілігі және жеделдетілген шараның бейресмилігі. Сотта тараптар бір-біріне қарсы әрекет етеді, ал медиация барысында өзара ынтымақтаса қимылдайды.
Сот тағайындалады, ал медиатор таңдалады. Сот шешімді заңға сәйкес қабылдайды, ал медиатор та­раптардың мүдделерін ескере отырып, бірақ заң аясында қабылдайды. Сот – жария үдеріс, ал медиация құпиялықты қамтамсыз етеді, бұл медиатордың рәсім барысында мәлім болған ақпаратты оны ұсынған тараптардың келісімінсіз жария қылуына жол берілмейді. Сәйкесінше, медиатордан куәгер ре­тінде жауап алуға рұқсат етілмейді. Медиация тараптардың тең құқылықты көздейтіні сөзсіз, сондай-ақ оларға тең міндеттер жүктеледі. Сонымен қатар, тараптар өз қалаулары бойынша медиацияны жүргізу орны мен медиацияны жүргізу барысында қай тілдің қолданылатыны жайында келісе алады. Тараптардың келісімімен медиатор медиацияның жүргізілуі күні мен уақытын белгілейді.

Е.Тілеубай,
Сырдария аудандық сотының
жетекші маманы
26 қазан 2021 ж. 385 0