Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Балабақшадағы отбасылық сайыс

Балабақшадағы отбасылық сайыс

Тереңөзек кенті орталығындағы «Бақ-Нұр бө­бек» балабақшасында «Мен бейбіт елдің ұла­нымын» атты отбасылық сайыс өтті. Сайыс­ты «Зеретай» мектепалды тобының тәрбиешісі Әйгерім Жакипова ұйымдастырды.

Саламатты өмір салтын қа­лып­тастыру, ата-ана мен бала арасында спорт мәдениетін насихаттау, Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікті нығайту және балаларды ұйымшылдыққа, бір­лік­ке, татулыққа баулу мақсат көз­­деген сайысқа 4 отбасы қатыс­ты.

Сайыс басталмас бұрын бала­ларды, ата-аналарды айтулы ме­­­рекемен балабақша әдіскері Айгүл Әлімбаева құттықтады, бар­­ша қатысушыға сәттілік ті­ле­ді.

– Бүгін біздің балабақшамыз­да керемет іс-шара өтуде. Мектеп­ке баратын епті де жүйрік кішкен­тай ұландарымыз отбасыларымен сайысқа түседі. Жанұядағы бірлік пен берекенің айқын кө­рінісі ре­тінде сайысты тамашалаймыз. Бей­біт еліміздің аспаны ашық болсын, әрбір отбасында татулық пен балалардың шаттығы орнасын. Ко­мандаларға сәттілік тілейміз, – деді А.Әлімбаева.

«Қыран», «Тұлпар», «Бәйте­рек», «Сұңқар» тобы болып команда құрған отбасылар бес ке­зең бойынша өзара спорттық са­­йыс­қа түсті.

Алдымен таныстыру кезеңін­де әрбір топ өздерінің ұрандарын айтып, таныстырды. Сонан соң «Кім жылдам?», «Ептілер», «Ұйым­шыл­дар», «Шар жинау» сайыс­тары бойынша спорт алаңында өнерлерін көрсетті. Әрбір са­йыс кезеңі өте қызықты өтті. Ата-аналар бір-бірімен жарысып, озу­ға тырысса, балалар да өз отбасын алға сүйреді. Сайысқа қа­­ты­­сушылардың бойынан жеңіс­ке­­ жетуге деген жігерлері байқа­лып­­ тұрды.

Сайыс барысында балабақша тәрбиеленушілері өз өнерлерін ортаға салып, «Отанымды сүйе­мін», «Тұлпарым» әнін орындап, өнерлі бүлдіршіндер мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Балақайлардың епті әрі шымыр болып өсуі олардың дұрыс күн тәртібін ұйымдастыруына бай­­­ланысты. «Бақ-Нұр бөбек» ба­лабақша тәрбиешілері әрбір бүл­діршіннің бойына жақсы қа­сиетті сіңіру үшін еңбек етіп, шы­ғармашылықпен тәрбиелеуде. Әр­­бір мереке сайын ертеңгілік өт­кізіп, балдырғандарды өнерге, спорт­қа үйретуде. Күн сайын тәр­биешілеріне асыға келетін бүл­діршіндер балабақшада жаңа ән мен тақпақ үйреніп, ақыл-ой дамытуға арналған ойын ойнайды.

Мамыр айының басындағы мерекелерге орай өт­кен отбасы­лық сайыста ептілі­гімен, жылдам­ды­ғымен ерекшеленген Рыстай отбасы бірінші орынға шықты. Екінші орынды Ахметовтер отбасы алса, үшін­ші орынды Наватовтар және Әб­дірахмановтар отбасы бөлісті. Бар­лық отбасыға дип­лом мен сый-­сияпат табыс етілді.

– Балаларымыз осы балабақ­шада тәрбиеленеді. Көңіл-күйлері жақсы, тәрбиешілеріне асығып тұрады. Күн сайын түрлі тақпақтар үйретіп, өнерге баулып жүрген балабақша қызметкерлеріне ал­ғыс зор. Мереке сайын керемет іс-шаралар өткізіледі. Бүгінгі са­йыста балаларымызбен бірге ойнап, өнер көрсеттік. Отбасы бір­лігін, татулығын, ұйымшыл­ды­ғын көрсететін сайысқа жас от­­басылар қатысып, қызықты бол­ды. Балабақша ұжымының жұ­мы­сына сәттілік тілеймін, – дейді ата-ана Динара Талқанбаева.

«ТТ» ақпарат
13 мамыр 2023 ж. 520 1

Maple от 31 мамыр 2025 12:02
Nicely put, Appreciate it! casino en ligne Wow lots of beneficial data! casino en ligne France Many thanks! Lots of advice! casino en ligne francais Thanks a lot, Numerous advice! casino en ligne You actually revealed that perfectly! casino en ligne France Wonderful posts. Many thanks. casino en ligne fiable Point effectively taken!! casino en ligne Fantastic info, Thanks. meilleur casino en ligne Superb information Cheers! casino en ligne Many thanks, An abundance of advice. meilleur casino en ligne