Аудан әкімі Отан қорғаушы күнімен құттықтады
Қадірлі Отан қорғаушылар!
Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – батыр бабалардың даңқты жолы мен Отанға адал қызмет ету дәстүрін тоғыстыратын мейрам. Бұл күні біз Қарулы күштер ардагерлері мен сапта жүргендер сарбаздарымызға құрмет көрсетеміз. Себебі, мемлекеттің, қоғамның және әрбір азаматтың қауіпсіздігін қорғаушылар барлық марапатқа лайықты.
Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт күнімізді кірпік қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін.
Мерекемен құттықтай отырып, баршаларыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға құт-береке тілеймін!
Ел іргесі берік, тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Құрметпен,
Берік Сәрменбаев,
Сырдария ауданының әкімі
Берік Сәрменбаев,
Сырдария ауданының әкімі