Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Министрлік: Армия құрамының 20%-ы өзге ұлт өкілдері

Министрлік: Армия құрамының 20%-ы өзге ұлт өкілдері

Бүгін Қарулы күштердің әскери қызметшілері бүкіл елмен бірге Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтуде. Статистикаға сәйкес, армия құрамының жиырма пайызы өзге ұлт өкілдері, деп хабарлайды BAQ.KZ.


Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бізде жаңа жалпыұлттық бірегейлік қалыптасқанын атап өтті. Елде ынтымағы ортақ мұраттар мен құндылықтармен жарасқан жүзден астам этнос өкілдері тұрады.

Көк төлқұжат пен көк ту – бұл біркелкіліктің нақты нышандары, – деп атап өтті Мемлекет басшысы өз сөзінде.

Түрлі себептермен әр уақытта Қазақстанға жүздеген мың өзге ұлт өкілдері келіп қоныстанғанын қилы тағдырмен байланыстырады. Көне көз қариялар мұндағы онсызда мұқтаж жұрт ештемеге қарамастан барынан айырылған, 30-шы жылдардағы қуғын-сүргінге ұшыраған және күштеп жер аударылғандарға қалай көмек қолын созғаны жайлы әңгімелерді балалары мен немерелеріне айтып келеді.

Сондықтан Қазақстанда мәдениеттер, дәстүрлер мен конфессиялардың алуан түрлілігімен ерекшеленетін бірегей әлеуметтік-демографиялық портрет қалыптасты.
Қарулы күштер қатарында қазақтар мен орыстар, украиндар мен татарлар, ұйғырлар мен өзбектер, немістер мен кәрістер, белорустар мен қырғыздар, грузиндер мен башқұрттар қызмет етеді.


Қазақстан әскері – жауынгердің жеке басын жауынгерлік даярлық деңгейі, кәсіби шеберлігі, жауынгерлік тапсырманы жауапты орындауы және нәтижесі бойынша бағалайтын үлкен ұйымшыл команда. Қоғамда да, әскерде де бірлік пен келісім – біздің сүйікті Отанымыз – Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғайтын Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетіне байланысты негізгі басымдықтар, - делінген Қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратта.
01 мамыр 2023 ж. 187 0