Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тілегі – тыныштық, тірегі – татулық

Тілегі – тыныштық, тірегі – татулық

Қасиетті Сыр елінде тату- тәтті бір шаңырақтың ас­тында өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдері бар. Бар­лығын біріктіретін Отаны – Қазақстан. Бүгінде ауданда елдің тыныштығы мен татулығын ту еткен түрлі этнос өкілдерінің арасында жасы егде тартқан қарттан бастап, аға буын өкілдері, жастар да бар. Олардың түрі басқа болса да тілегі бір, жүзі басқа болса да жүрегі бір.

Тереңөзектік Светлана Князеваның кін­дік қаны тамған жері – Жамбыл облы­сы. Сәби шағында ата-анасымен Сыр еліне, оның ішінде Тереңөзекке қарасты бұрынғы Қызылдихан ауылына көшіп келген. Ата-анасы өзге ұлт өкілі болғанымен ауылдағы ағайын жалғыз орыс отбасын жатсынбай, құрақ ұша қарсы алған.

Светлананың әкесі Федор Князевті за­мандастары жақсы біледі. Қарапайым өмір кешіп, қара жұмыста ысылған азамат кезінде отбасымен Ресейден қоныс аударған. Қарулы, қолынан іс келетін азамат ауылда түрлі жұмыс істейді. Әйе­лі Варвара Зиноверовнаның ұлты армян. Ол Тереңөзекте салынған көптеген ғи­мараттардың құрылысына атсалысқан құрыш қолды құрылысшы. Дүниеге әкел­ген 6 қыз бен 1 ұлдың анасы. Орыс отбасы жеті жылдай Қызылдихан ауылында тұрып, кейін аудан орталығына кө­шіп келеді. Қай кезде де мейманын емен-жарқын қарсы алатын әдетімен олар­дың отбасынан қонақ үзілмеген. Дас­тарханы жаюлы, көрші көлеммен тату, дос жаранның ортасында сыйлы болады. Балалары барлығы қазақшаға судай болғанымен, ата-аналары орыс мек­тебінде білім алғандарын жөн көреді.

Светлана Федорқызы №36 орта мек­тепті бітірісімен телекоммуникация торабына телефон байланысшысы болып еңбек жолын бастайды. Осында 16 жыл бойы жұмыс істеп, 1998 жылы мекеменің байланыс қызметі тоқтағанда қысқартуға ілінеді.

– Он тоғыз жасымда тереңөзектік аза­мат Бекзат Мусабековке тұрмысқа шық­тым. Ата-енем өзге ұлттың қызы дегенді айтқан емес, баталарын берді. Енем –Дәметкен 4 ұл, 2 қыз өсірген ана. Үлкен шаңырақтағы үшінші келінмін. Енеммен екі жылдай бірге тұрдық. Дүниеге келген балаларымның барлығы бесікке жатты. Отбасымызда барлық салт-дәстүр жа­салатын. Қазір өзімнің отбасымда екі ұлттың дәстүрін қатар алып жүремін. Отбасымызда балаларым екі тілде сөйлейді. Балаларымның есімдері – Бауыр­жан, Ти­мур, Арслан. Келіндерімнің бар­лығы – қазақтың қыздары. Орынай, Шынар, Эльмира 7 немере сүйгізіп отыр. Біз бала кезімізде өзіміздің өзге ұлт екенімізді де білмей өстік десем қате­лес­пеймін. Қа­зақтардың ортасында өскен­діктен ұлт­қа бөліну деген болған жоқ. Басым да қазақ жігітімен қосылды. Негізінен, ба­уыр­ларымның отбасында қа­зақ, орыс, Абхаздық мингрел, кәріс ұлтының өкілдері бар. Ағам Николайдың келіншегі Надежда татар, – дейді берекелі шаңырақтың отанасы С.Князева.

Ұлтымызда «Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір» деген сөз бар. «Жүзі бас­қа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, атасы басқа болса да Отаны бір» дегендей, бірнеше ұлттар мен ұлыстар мекен еткен ауданымызда осындай татулығы жарасқан отбасылар бар. Олардың басы «Достық» үйінде қосылып, мереке күндерді бірге қарсы алу дәстүрге айналған. Ән мен жырға бө­леніп, түрлі дәстүрдің басын бірігетін үл­кен шаңырақта ұлы елдің атына алғыс айтылып, кең пейіл дархан көңілге риза­шылықтар білдіріледі.

– Жасым 60-тан асты. Осы уақытқа дейін қарапайым күн кешіп, қазақтың дәс­түрін сақтап келемін. Марқұм өмірлік серігім Бекзат осыдан екі жыл бұрын бақилық болды. Өсірген ұлдарымның қы­зығын бірге көргенімізге шүкірлік ете­мін. Қазір немерелерімнің ортасында ба­қытты ғұмыр кешудемін. Қолымнан ке­летін іспен айналысып, күнделікті тәтті тоқаш пісірумен айналысамын. Кезін­де енем маған риза болды, менде өз ке­лін­деріме ризамын. Балаларым бұйыр­ған кә­сіптерімен айналысады. Шүкір, елімізде тыныштық бар. Ұлттар достығы мәңгі жа­сасын, елімізде тек бейбітшілік заман бол­сын, ана үшін мұнан артықтың керегі де жоқ, – дейді ақ тілеулі ана Светлана Фе­дорқызы.

Бибісара ТАҢАТАРҚЫЗЫ
29 сәуір 2023 ж. 268 0