Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жылжымалы емханалар ауруларды ерте анықтауға ықпал етеді

Жылжымалы емханалар ауруларды ерте анықтауға ықпал етеді

Жылжымалы медициналық кешендер (ЖМК) ауруларды ерте анықтауға ықпал етеді. Жалағаш ауданында ЖМК мамандары биыл 100-ге жуық науқасты алғашқыдиспансерлік есепке алды. Жылжымалы медициналық кешендер қалай жұмыс істейді? Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы ұйымдастыруыменТаң ауылында өткен баспасөз туры біздің материалда.

Таң ауылы аудан орталығынан 25 шақырым жерде орналасқан. Бұл елді мекенде 1 287 адам тұрады.

Таңертеңнен бастап пациенттерді қабылдау дәрігерлік амбулаторияда және жылжымалы медициналық кешенде жүргізілді. Бұл күні 100-ге жуық ауыл тұрғыны дәрігерлік кеңес алды. Олардың қатарында Жеңіскүл Шүйішбаева да бар. 60 жастағы әйел «созылмалы бронхит» ауруы бойынша диспансерлік есепте тұр.

«Жүрек мазалайды. Кардиолог кеңес берді, зертханалық және диагностикалық тексерулерге жіберді, содан кейін күндізгі стационарда ем аламын. Уақытша жұмыс істемеймін, МӘМС-да сақтандырылғанмын, дербес төлеуші ретінде ай сайын жарна аударамын», - дейді Жеңіскүл Шүйішбаева.

Пациенттерді терапевт, офтальмолог, оториноларинголог, гинеколог, хирург, кардиолог, невропатолог, стоматолог, эндокринолог, психолог, фтизиатр, рентген зертханашысы және басқа мамандар қабылдайды. Жылжымалы медициналық кешендердің арқасында ең шалғай елді мекендердің тұрғындары кардиограмма, УДЗ, скринингтік тексерулерден өтіп, сонымен қатар дәрігерлерден кеңес және ауруханаға жатқызуға, жеке медициналық мекемелерде емделуге жолдамалар ала алады.

«Жыл басынан бері жылжымалы медициналық кешенде ауданның 2 мыңға жуық адам дәрігерлерден кеңес алды, оның ішінде 100-ге жуық ауыл тұрғынынан алғаш рет аурулар анықталды. Жүрек-қан тамыр, эндокриндік аурулар, глаукома және басқалар. Балалардың арасында көбінесе темір тапшылығы анемиясы анықталады», - деді Жалағаш аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Индира Орынбасарова.

Жалағаш ауданында 16 ауылдық округ бар. Мұнда медициналық қызметтерді аудандық аурухана, 12 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік бекет, 2 медициналық бекет көрсетеді. Ауданның 32 677 тұрғыны емханаға тіркелген. Барлық ауыл тұрғындарын қамту үшін жылжымалы медициналық кешен жыл сайын ауданның әрбір ауылдық округіне 5-6 рет барады. Осы мақсатқа Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы 63,5 млн теңге қаражат бөлді.

Жалпы, 2023 жылы ЖМК өңірінде 550,8 млн. теңге сомасына 285 308 қызмет көрсету жоспарлануда.

27 сәуір 2023 ж. 127 0