Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылжымалы медицина

Жылжымалы медицина

Биыл еліміз айтулы оқиға - Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде. Егемендік алған сәттен бастап біздің еліміз бүкіл қоғамның өмірінде көрініс тапқан мәселелерге тап болды. Осындай мәселелердің бірі шалғай ауылдарда тұратын тұрғындарға медициналық көмек көрсету болды. Әдетте, оларда тек медициналық пункттер ғана бар, олардың жабдықтары мен штаты толыққанды зерттеулер жүргізуге мүмкіндік бермейді.

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында шалғайдағы ауылдық пункттер үшін көлік медицинасын дамыту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры биылғы жылы республика бойынша ауыл тұрғындарына 149 жылжымалы медициналық кешен медициналық қызмет көрсететінін атап өтті.

Жылжымалы медициналық кешендер-бұл қажетті медициналық жабдықтармен жабдықталған доңғалақты клиникалардың бір түрі болып табылады. Олар аудандық ауруханаларға бекітіліп, жергілікті тұрғындарға қызмет көрсету мақсатында, ауылдық округтерге шығады.

Жылжымалы медициналық кешендер маңызды функциялардың бірін орындайды-кейіннен динамикалық бақылау және сауықтырумен профилактикалық медициналық тексерулер жүргізеді. Қызметтер арасында ең көбі медициналық кеңес беруге қабылдау болып табылады (қызметтердің жалпы санының шамамен 75%-ы). Сонымен қатар, зертханалық зерттеулер, ЭКГ, ультрадыбыстық зерттеу, рентген қызметтерін де осы санаттан көруге болады.

2021 жылға Қормен ТМККК бойынша жылжымалы медициналық кешендерге қызмет көрсету мақсатында 830,5 млн. теңге сомаға шарттар жасалды. Ал МӘМС жүйесінде - 3,4 млрд теңгеден астам сомаға.

9 айда ауыл тұрғындарына 1,2 млрд теңгеге жуық 650 мың қызмет көрсетілді. ЖМК қызметтерінің ең көп саны Алматы, Қызылорда және Түркістан облыстарында көрсетілді.

Егер сізде елді мекендегі медициналық көмектің қолжетімділігі жөнінде сұрақтар туындаған жағдайда, сіз өз облысыңыздың денсаулық сақтау басқармасына жүгіне аласыз. Егер мәселені шешу мүмкін болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына сізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы хабарласуға болады: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Telegram-да SaqtandyryBot және Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы.
10 қараша 2021 ж. 298 0