Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аймағамбетов медициналық сақтандыру жүйесін сынады

Аймағамбетов медициналық сақтандыру жүйесін сынады

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов медициналық көмекті халыққа барынша қолжетімді етудің жолдарын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір азаматтарымыз ауруханаға барып, тексеруден тегін өткісі келсе, 1 немесе 3 ай күтуі керек. Ал сол қызметке ақша төлесе, 3 минутта өтеді. Осылайша бұл жасанды проблема, - деді депутат.

Сондай-ақ ол осы салаға енгізілген қаржыландыру жүйесі де дұрыс емес екенін айтты.

Мысалы қазір ауруханалар қаражатты ай сайынғы квота арқылы алады. Мысалы КТ жасауға айына 10 квота, МРТ істеуге 5 квота беріледі. Егер сұраныс бұдан көп болса, онда дәрігер емделушіні келесі айға жазуға мәжбүр, - деді Асхат Аймағамбетов.

Депутат осындай жағдайды ескеріп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін реформалап, ай сайынғы қаржыландырудан бас тартуды ұсынды.

Фото: primeminister.kz
20 сәуір 2023 ж. 254 0