"Алғашқы жұмыс орны" – түлектерді нақты қолдау жобасы

Қатысу мерзімі:
- "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша 18 айдан;
Кімдер қатыса алады:
- жұмыс тәжірибесі жоқ 35 (отыз бес) жасқа толмаған жастар, оның ішінде NEET санатындағы жастар.
Оқу орындарының түлектері үшін "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша жұмыс орындары олар алған кәсіп (мамандық) бойынша немесе Ұлттық кәсіптер жіктеу ішінде қызметтің осы тобына жататын ұқсас кәсіп (мамандық) бойынша құрылады.
Жұмыс беруші "Алғашқы жұмыс орны" жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамға кәсіби білімдері мен жұмыс тәжірибесін беру үшін тәжірибелі жұмыскерлердің арасынан тәлімгер тағайындайды.
"Алғашқы жұмыс орны" жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдар үшін субсидияның (жалақының) бір айдағы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есептемегенде кемінде 30 (отыз) АЕК-ті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескергенде) құрайды.
Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы