Мемлекетке қару тапсырып, қанша сыйақы алуға болады?
Бұл туралы ІІМ өткен брифингіде Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Асылбек Ыдырысов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өтемақы мәселелеріне келетін болсақ, қаруды өтемді тапсырғаны үшін төлемдер мөлшері олардың түріне, техникалық күй-жайына байланысты әр бірлігі үшін 10 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін, яғни 34 мыңнан 345 мыңға дейін әртүрлі болады. Сыйақы көлемін әр облыстық, қалалық және аудандық полиция органдарында құрылатын комиссиялар белгілейді. Мысалы, жүз айлық есептік көрсеткішке дейін немесе 345 мың теңгеге дейінгі сыйақыны автоматты ойық қаруды тапсырған азамат ала алады, - деп атап өтті Асылбек Ыдырысов.

Ал ойық ұңғылы мылтықтар мен карбиндер үшін берілетін қаржы – 172 мың теңгеге дейін жетеді.
Тапаншалар мен револьверлер үшін – 138 мың теңгеге дейінгі мөлшерде төлеу болжанады. Тегіс ұңғылы мылтықтардың әрбір бірлігі –103 мың теңгеге бағалануы мүмкін. Травматикалық тапаншалар үшін – 34 мың дейінгі мөлшерде төленеді, - деді Әкімшілік полиция комитетінің өкілі.
Айтуынша, төлемдер мөлшерін айқындау кезінде Комиссиялар қарудың техникалық жай-күйін ескереді және тиісті санат беріледі.
Олар барлығы 3 санатқа бөлінеді. 1-санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнының 100%-ы, 2-санатқа 70%-ы, 3-санатқа 30%-ы есебінен жүргізіледі. Сыйақы төлеу мерзімі – 1 ай, - деді ол.
Ескеретін жайт, заңсыз сақталған қару-жарақ заттарды ерікті түрде өтемді тапсыруға ниет білдірген азамат, егер оның әрекеттерiнде өзге құқық бұзушылық құрамы болмаса қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Фото: ашық дереккөзден