Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңызды мәселе талқыланды

Маңызды мәселе талқыланды

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өткізілді.

Аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушевтың төрағалығымен өткізілген комиссия отырысына кеңес мүшелері, жергілікті орган басшылары, кент және ауылдық округі әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес бір мәселе қаралып, Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы М.Қаратаевтың – «Мүмкіндігі шектеулі әйелдерге және аз қамтылған отбасыларға жан-жақты көмек көрсетуге бағытталған жұмыстары туралы» хабарламасы тыңдалды.

Комиссия отырысы хаттамаланып, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.
02 сәуір 2023 ж. 231 0