Жемқорлықпен күрес тоқтамайды
Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Оның алдын алу немесе жолын кесу қазіргі таңдағы мемлекеттік органдардың қызметіндегі басты басымдыққа айналды десек болады.
Бұл бағыттағы жұмыстар аудан бойынша тұрақты жүргізіліп келеді. Жергілікті бюджеттен қаралған қаржы арқылы «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» жобасы 2014 жылдан бері жүзеге асырылуда. Жыл сайын ҮЕҰ-дар және құқық қорғау органдары, тиісті жергілікті атқарушы органдар арасында өзара меморандумға қол қойылып, аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға және ақпараттық-насихаттық жұмыстар, тұрғындарға құқықтық кеңестер мен түсіндірме жұмыстар жүргізілуде.
2022 жылы жергілікті бюджеттен «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылды. Қаржысы – 700,0 мың теңге. Жоба бойынша «Нұрдария–Сырдария» қоғамдық қоры жыл көлемінде профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырды. Аталған жоба аясында аудан көлеміндегі құқық қорғау органдары, «Аманат» партиясы аудандық филиалы, қоғамдық кеңес, облыстық «Азаматтық альянсы» Сырдария аудандық филиалымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірлескен меморандумға қол қойылды.
Барлық ауданға қарасты әр ауылда тақырыптық 1 билбордтан орнатылса, аудан орталығында 2 билборд орнатылды. Сонымен қатар барлық аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсетілетін мекемеге «1424» сенім телефоны, «Адалдық алаңы» жобасының «Пайда ойлама, ар ойла», «Пара алма, пара берме», «Жемқорлыққа жол берме» ақпараттық материалдары орнатылды. Биыл аталған жобаның қаржысын жалпы аудан көлеміндегі мемлекеттік тапсырыс аясындағы қаржының 5 пайызына дейін жеткізу мақсатында жұмыстар атқарылуда.
Бейбіт СМАЙЛОВ,
аудандық қоғамдық даму
бөлімінің басшысы
аудандық қоғамдық даму
бөлімінің басшысы