Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қағамдық қабылдау өтті

Қағамдық қабылдау өтті

Сырдария ауданында "Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру" жобасы аясында Қызылорда облысының жастар одақтары қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қоғамдық қабылдау өтті.

Сырдария ауданының ішкі саясат бөлімінің қолдауымен өткен қоғамдық қабылдаулар аудандағы Халыққа қызмет көрсету орталығы мен аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері ғимаратында ұйымдастырылды.

Қоғамдық қабылдауға аудандық прокуратураның жауапты өкілдері бекітілген салаларда қызметкерлер мен тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, олардың барлық сауалдарына жан-жақты жауаптарын берді.
15 маусым 2021 ж. 456 0