Меморандумға қол қойды

Жақында аудан прокуроры Е.Алмазұлы, полиция бөлімінің бастығы Н.Ибраев, «Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Мырзахметова және Қызылорда облысының жастар одақтары қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Жұмабай меморандумға қол қойып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспары пысықталды.
Айта кету керек, жыл бойы әлеуметтік жоба арқылы іске асатын іс-шаралар, әсіресе жастар арасында кеңінен насихатталып, жүргізілетін болады.
«ТТ» ақпарат