Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Үйлену оңай, үй болу қиын»

«Үйлену оңай, үй болу қиын»

Елімізде отбасын құрып, көп ұза­май­ ажырасып кетіп жатқан жас жұбай­лардың саны артуда.

Некелік одақтың тұрақты болуына мемлекет мүдделік танытады. Сондықтан да, соттарға заң арқылы ерлі-зайып­тыларды татуластыру жөнінде шаралар қолдану міндеттері жүктелген.

Мысалы, егер әйелі немесе ері тарапынан некені бұзу­ға келісім болмаған жағдайда сот ерлі-зайыптыларды тату­ластыруға шаралар қолданып, оларға татуласу үшін алты ай мерзім тағайындай отырып істі қарауды  кейінге  қалды­руға құқылы.
 
Ал егер ерлі-зайыптыларды татуластыру жөніндегі ша­ра­лар нәтижесіз болса, екі жақтан да некені бұзу талап етілген жағдайда неке шартты түрде бұзылады. Сон­дай-ақ ортақ одақ бұзылып, ерлі-зайыптылардың арасындағы ортақ мүлікті бөлуге, еңбекке қабілетсіз жұбайын, сондай-ақ, кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға қаражат төлеуге қатысты туындайтын даулар сот тәртібімен  қа­ралады.  

Неке сот тәртібімен бұзылған жағдайда судья неке бұзылғаннан кейін кәмелетке толмаған балалар ата-ана­сының қайсысымен тұратындығын анықтауға, балаларды асырауға алимент ата-аналардың қайсысынан және қандай мөлшерде өндіріліп алынатынын белгілеуге, ерлі-зайыптылардың талап етуі бойынша олардың бірлескен ортақ меншігіндегі мүлікті бөлуді жүргізуге міндетті. Сондай-ақ, балалардың мүдделерін және болашақ ананың денсаулығын қорғау мақсатында заңда көзделген тәртіп бойынша, яғни, әйелдің жүкті кезінде және нәрестенің бір жасқа толмаған кезінде әйелдің келісімінсіз некені бұзуға болмайды.

Жалпы, әрбір кез келген жан «үйлену оңай, үй болу қиын» демекші, үйленіп отбасын құрудың өте жауапты міндет екенін түсінгені абзал.

Ж.Сырғабаева,
Сырдария аудандық сотының
бас маман-сот отырысының
21 наурыз 2023 ж. 182 0