Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Дала өрті қауіпті

Дала өрті қауіпті

Дала өртi – дүлей, бағынбайтын оттың өсiмдiктер жамылғысы арқылы таралуы. Механизм бойынша от­тың таралуы төменгi дала өртiмен ұқсас, бiрақ дала өртiнiң таралу жылдамдығы жоғары, бұған бiрқатар факторлар, атап айтқанда құрғақ дала шөптерiнiң жануы және даладағы желдiң қатты жылдамдықпен соғуы әсер етеді.

Дала өрттерiнiң алдын алу шараларының ең тиiмдiлерiнiң бiрi — минералды жолақтар жасау. Ол үшін Сырдария орман және жануарлар дүниесін қор­ғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері биыл жаңадан 40 шақырым жерге минералды жолақтарды жырту, былтырғы 240 шақырым жерге жыртылған жолақтарды жаңарту жұ­мыстарын жүзеге асырады.

Дала өрттерi көктем мезгiлiне тән, себебi, қар ерiгеннен кейiн өткен жылғы шөп кебейедi, сондай-ақ жаздың және күздiң аяғы және өрт қауiптi кезең болып есептеледi.

Дала өртiн орман өртiн сөндiру тәсiлдерiмен сөн­дiредi.

Өртпен күресудiң негiзгi тәсiлдерi: оттың жиегiн сөндiру, оған топырақ себу, су құю (химикаттар), бө­гет­тер және минералданған белдеулер жасау, қарама-қарсы от жiберу (күйдiру).

Өрт адамның күнделiктi өмiрiне және ден­саулығына терiс әсер етедi, флора мен фаунаны жойғаннан материалдық шығындар болады және қоғам мен мемлекеттiң мүддесiне зиян келтiредi.

Қазiргi уақытта аудандық төтенше жағдай бөлi­мiнiң және Сырдария орман және жануарлар дүние­сін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің қызмет­керлерi дала өрттерiнің алдын алу бойынша үгiт-насихат жұмыстарын жүргiзуде және халықты өрт қауiпсiздiгi шараларына үйретуде. Осы жұмыстаржадынамалар тарату, бейнероликтер көрсету және мерзiмдi баспасөз басы­лымдарында материалдарды жариялау арқылы жүргiзiлуде.

Өрттiң шығуына себеп болатын ең жиi кездесетiн себеп қауіпсіздікті ескермеу. Сондықтан барлық табиғат пайдаланушыларды отты пайдаланған кезде қарапайым ережелерді қатаң сақтауға шақырамыз.


«Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі
мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
04 наурыз 2023 ж. 433 0