Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балаларға берілетін ата-ана қолхаты өзгертілмек

Балаларға берілетін ата-ана қолхаты өзгертілмек

Елімізде кәмелет жасына толмаған балалар мен жасөспірімдер алыс жолға шыққанда жауапты адам ата-анасының қолхатын алуы тиіс. Оның заңдық күші бар. Бүгінде аталған міндет қайта қаралып, өзгеріс енгізілгелі жатыр. Бұл туралы Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында тілші «Өзіңіз білетіндей, балалар ата-әжесі немесе басқа да жақындарымен алыс жолда шыққанда міндетті түрде ата-анасының нотариуспен бекітілген қолхаты талап етіледі. Бұл адамның қолын байлайды. Осы процесті цифрландыру мүмкін бе?», деген сұрақ қойды.

Сауалға Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков пікір білдірді.

«Өзекті мәселе шынымен де. Біз бұл мәселені қазір қарап жатырмыз. Басқа мемлекеттерге қалай шешіліп жатыр деген сияқты. Келесі бір кездесуде сіз көтерген мәселеге қатысты жақсы бір ұсыныспен шығамыз деп ойлаймын», – деді министрдің орынбасары.

Бұған дейін Бекболат Молдабеков хабарлағандай, соңғы екі аптада 440 жұп мобильді қосымшаарқылы неке қидырған.

Оның айтуынша, неке қиюдан басқа да мемлекеттік қызметтер бойынша мобильді қосымшаның көмегіне жүгінуге болады.
20 ақпан 2023 ж. 345 0