Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » "Есіней беру": жүрек проблемасын көрсететін 7 белгі

"Есіней беру": жүрек проблемасын көрсететін 7 белгі

Кей аурулар сырт келбетке де әсер береді. Солардың бірі - жүрекпен байланысты проблемалар. Жүрек-қан тамырлар ауруларын уақытында анықтап, емдеу үшін ағзаның кей белгілеріне аса мән берген жөн. 

Егер мына белгілердің бірін өзіңізден байқасаңыз, дәрігерге көріну артық етпейді:

1. Ісіну

Ісінуді бірден байқауға болады: бұл проблема жиі аяқта пайда болады. Себебі жүрек қанды толыққанды айдай алмайды. Осылайша, ауырлық күшінің әсерінен негізгі қысым аяқтағы тамырларға түседі. Әдетте, ісіну кешке қарай күшейе түседі, ал таңертең толықтай кетуі немесе аздап қалуы мүмкін. Ісінудің пайда болу себебін түсіну үшін және оның жүрек-қан тамырлар ауруларымен байланысы бар-жоғын білу үшін аяқ тамырларын УДЗ-ға түсіру керек. Сондай-ақ жүрек жеткіліксіздігін жоққа шығару үшін натрийуретикалық пептидке қан анализін тапсыру керек.

2. Терінің көгеруі

Терінің көгеріп кеткенін де бірден байқауға болады. Ол қан құйылуының кешігуінен немесе веноздық қанның оттекпен жеткіліксіз қамтамасыз етілуінен пайда болуы мүмкін. Еріннің көгеруіне келетін болсақ, оған қан айналымның бұзылуы және оттегінің уақытша жетіспеушілігі себеп болуы мүмкін. Мысалы, суықта солай болады. Бірақ жылы бөлмеде ерін көгеріп кетсе, бұл жасырын жүрек проблемасын көрсетуі мүмкін.

3. Бетте сары дақтардың пайда болуы

Теріде сары дақтардың пайда болуы – бұл холестериннің ұсақ майлы дақтар түрінде түзілуі. Олар көздің ішінде, қаста, бетте, шынтақта және басқа да жерлерде пайда болуы мүмкін. Мұндай түзілімдер жоғары холестеринді көрсетеді.

4. Беттің қызаруы

Беттің қызаруы да - мән беру керек белгілердің бірі. Бұл белгі жоғары артериялық қысымды білдіруі мүмкін. Алайда оны адам өзі байқамауы да мүмкін. Сондықтан бетіңіз қызарып жүрсеңіз, қысымды өлшеп көру артық етпейді. Егер жоғары екенін анықтасаңыз, дәрігермен ақылдасаңыз.

5. Тырнақтың қалыңдауы және өзгеруі

Гиппократ саусақтарының белгісі – жүрек-қан тамырлар ауруының белгісі. Оны медициналық оқу орнының барлық студенттері меңгереді. Бұл кезде саусақ ұштары мен тырнақтар қалыңдай түседі және өзгеріске ұшырайды. Бұл жүрек проблемасына байланысты қол білектерінің қанмен дұрыс қаматамасыз етілмейтіндігін көрсетуі мүмкін.

6. Аяқ-қолдың салқын болуы

Кей адамдар жылы киінсе де, аяқтарының тоңатынын байқайды. Бұл жүрек-қан тамырлдар жүйесі проблемасын, қант диабетін немесе аяқ атеросклерозын  көрсетуі мүмкін. Бірақ бұл ағза ерекшелігін де көрсетуі ықтимал. Қалай десе де, бұл дәрігерге қаралуға себеп екенін ескерген дұрыс.

7. Жиі есінеу

Егер адам жиі есінесе, бұл жүрекпен байланысты патологияны көрсетуі мүмкін. Себебі есінеу ағзаны оттекпен қанықтыруға, дененің жоғарғы бөлігіндегі және бастағы температураны төмендетуге көмектеседі. Термореттеудің табиғи процестері бұзылса, физикалық жүктеме кезінде адам жиі есінеп бастайды.


15 ақпан 2023 ж. 257 0