Вирусты гепатиттерден қандай қауіп бар?
Вирусты гепатиттер – кеңінен таралған және қауіпті жұқпалы ауру. Вирусты гепатиттер дүниежүзі бойы кеңінен тарлаған. Бүгінгі таңда вирусты гепатиттің бірнеше түрі белгілі: А,В,С,D (делтьа). Олар ағзаға түскенде бауырды зақымдайды. Сонымен қоса бауырдың функциясын реттеп тұратын барлық зат алмасу процессін бұзады. Улы заттарды залалсыздандыру қабілетін жоғалтып, дәрумендік теңгерімі бұзылады.
Вирусты гепатиттерді жұқтыру көздері – ауру адам немесе жұқпаны таратушы. Ең көп қауіпі жеңіл немесе ауруы жасырын формаларымен, сары ауруысыз жүретін науқастарда. А және Е вирусты гепатиттер ішек жұқпалары сияқты – жуылмаған жеміс-жидектер немесе кір сумен, жуылмаған қолдан жұғады да, олар созылмалы түріне өршімейді. А және Е вирусты гепатит науқастың ағзасынан дәреті арқылы анықталады. Үлкен дәрет сұйық су түрінде шығады. Бұл вирустар кіршең адамның қолынан, басқада тұрмыстағы заттарда, тағамдарда қалып, басқа адамға жұғады. Бұл гепатиттің түрімен көп жағдайда балалар, жасөспірімдер мен 30 жасқа дейінгі (кей жағдайда 30 жастан асқан) тұлғаларда кездеседі
Сол себептен В гепатитін жұқтыру көзі тек өткір формасын жұқтырған аурулар ғана емес, осы аурумен ауырғандар, сонымен қатар дені сау вирус тасымалдаушыларда жұқтыруы әбден мүмкін. В гепатиттің екінші рет қолданылып отырған инемен (көп жағдайда нашақорлар) жұғып, ауру адаммен сексуалды қатынасқа түскен, науқастың немесе вирустасымалдаушының жеке заттарымен (қайшы, ұстара және т.б.) қолданған кезде, тіпті анасынан баласына жұғады, егер анасы ауырса жұғады. В гепатитімен барлық жастағылар ауырады.Гепатитпен ауру алдында 1-2 жұма сары ауру алдындағы кезеңінен басталады.
Оның белгілері әр түрлі: тамаққа зауқы болмай, жүрегі айнып, тәбет төмендейді, тері бөртеді. Буыны сырқырап, ыстығы көтеріліп, жөтел пайда болып, мұрынынан су ағады. Несеп қарайып(қою қара шәйдің түсіндей), ал нәжіс түссізденеді (түсі ақ немесе сұр сазға айналады). Келесі кезең – сары ауру кезеңі (2-4 апта созылады): шел сарғайып, содан соң тері жамылғысы сарғаяды. Сарғаю процессі болмауыда мүмкін. Мұны вирусты гепатиттің сарғаюсыз формасы дейді. Ауру басында жеңіл болғанымен, кейін ауыр түріне ауысып, тіпті адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сонымен қоса, науқас қоршаған ортаға қауіпті. Аурудың белгілері пайда болғаннан соң тез арада дәрігерге қаралу керек.
А гепатитінің алдын алуы: әжетханаға барғаннан кейін, тамақтың алдында қолыңызды дұрыстып жуыңыз; – ашық су қоймасынан (өзен, көл, тоғаннан) алынған қайнамаған су ішпеңіз; – ашық су қоймасында жеміс-жидектерді жумаңыз; – су қоймасын ластамаңыз; – тұрғын үй мен баршамызға ортақ жерлерді – көшелер, аула, пәтерлерді ластамау, олардың қоқыс тастайтын жәшіктері, арнайы қоқыс тастайтын орындар, ауладағы қоқыс тастайтын жерлерді уақытылы таза болуын қадағалау. А гепатитінен ерікті ауыз суы мен азық-түліктер – ауруды төмендету кілті. Алайда гепатитті жұқтыру жолдары көп жағдайда белгісіз қалады. Өзіңізден күдіктенбеу үшін – алдын ала екпе жасауға болады.Екпе ең алдымен балаларға қойылуы керек, себебі көп жағдайда А гепатитін балалар жұқтырады. Екпе 94-98 % дейін ауруға төтеп бере алады.
Қазіргі таңда В гепатитінен қорғану жолдары пайда болды – бұл спецификалық түрде екпе арқылы гепатиттің алдын алуы. Екпені HBsAg таратушы анадан жаңа туған балаға, сонымен қатар ауруды жұқтырып алу қауіпі жоғары топтағы адамдарға (медициналық қызметкерлер, қан құйылғандар және т.б.) егеді. Гепатитке қарсы 3 реттік егілген (1 және 6 ай аралықпен) екпе алушыларда жаңа антидененің пайда болуын тоқтатып, аурудан қорғайды.
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы