Тәуелсіз елдің бақытты ұрпағымын

Менің Отаным – Қазақстан. Және кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер – Тереңөзек кенті. Отанға, туған жерге де махаббатым менімен бірге өсіп келе жатқан сияқты. Есейген сайын туған жердің қадірі мен қасиетін терең ұғып келе жатқандаймын. Осы жұмақ мекенде менің көңілді де уайымсыз балалалық шағым өтуде. Демалыс уақытында үйдің маңындағы аулада ойнағаным және әкеме еріп атқа мініп үйренгенім, балабақша мен мектеп табалдырығын аттап оқушы болған кезім. Осындай ыстық естеліктермен туған жер әр адамның ойында ең биік шың болып қалады.
Мен қазіргі уақытта 4-сыныпта оқып жатырмын. Ұстазым «Әрбір бала елінің дамуына үлес қосатын білімді азамат болуы керек. Ол үшін ерінбей сабақ оқыңдар» деп үнемі айтып отырады. Біз білімді, білікті азамат болып өсу үшін түрлі ғылыми, мәдени сайыстарға қатысып, шыңдалу үстіндеміз. Мен – елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.
Нұрислам ҰЛТАНБЕКОВ,
№131 орта мектеп оқушысы
№131 орта мектеп оқушысы