Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Басты міндет – сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою

Басты міндет – сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр.

2015 жылдың 18 қарашасында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қабылданып, онда сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының тікелей міндеті екендігі атап көрсетілді. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның басты мақсаты – азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық   көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу болып табылады.

Осы мақсатта Аманкелді ауылдық округі әкімінің аппаратында  жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі салалық бағдарлама аясында жұмыстар атқарылуда.

Атап айтқанда, аппараттың бағынысты қызметкерлерінің қолданыстағы заңнамаларда көзделген шектеулердің қатаң сақталуын қамтамасыз ету, аппарат қызметкерлерінің орындаушылық тәртібіне, жүріс-тұрысына бақылау күшейтілді.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың кез-келген фактісі төтенше жағдай ретінде қаралып, оның орын алуы себеп-салдарын анықталуын қамтамасыз ету мақсатында аппарат қызметкерлері арасындатүсіндірме жұмыстары, құқықтық оқытуларжүргізіліп қатаң бақылауға алынған.

Ағымдағы жылдың 26 тамызында Аманкелді ауылында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстарды болдырмау және алдын алу мақсатында ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге, әкімдік ғимаратында ауыл әкімі аппаратының жетекші маман-заңгері Жолдас Жұманазаровтың ұйымдастыруымен "Адал ұрпақ. Сатылмайтын еңбек" тақырыбында мекеме қызметкерлері арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мұнан соң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар көрсетілген баннерлер ілініп, аталған тақырыпқа сәйкес тұрғындарға үнпарақтар таратылды.

Аманкелді ауылдық округі бойынша Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы күрес бағытында тұрғындарға көрінетін жерлерге яғни дүкендерге, мемлекеттік мекемелерге плакаттар және Абдолла Ағайдаров көшесіне билборд ілінді.

2022 жылдың 24 қарашасы күні сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстарды болдырмау және алдын алу мақсатында Аманкелді ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Ж.Жұманазаров мекеме қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиын соңында мекеме қызметкерлері сауалнама толтырып, ашық пікірлерін көрсетті.

Аманкелді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, мемлекеттік қызметшілерге тікелей міндет жүктелген. Ауылдық округ әкімі аппараты ғимаратында көрнекі жерге Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі қазақ және орыс тілдерінде көрнекі етіп ілінген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру мақсатында жеке және заңды тұлғалардың өз мұқтаждары мен көзқарасын бiлдiргісі келген жағдайда ауыл әкімінің жеке мәселелермен қабылдайтындығы туралы ақпарат жергілікті әлеуметтік желілерде жарияланды, «Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі» аппараттың көрнекі жерінде ілінді және «Азаматтар мен заңды тұлғалар өтініштерін қабылдау» жәшігі орнатылды, сенім телефоны жұмыс жасауда, интернет желісінде аппараттың арнайы Фейсбук парақшасы жұмыс жасауда.

2022 жылдың бүгінгі күнге дейін жеке және заңды тұлғалардан барлығы 6 өтініш түсіп, уақытылы жауап берілді.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістері оңтайландырылып және белгілі бір автоматтандыру бағытына көшіп Е-лицензия жүйесі арқылы өтініштер электронды түрде қабылдануы басты назарда және электронды түрде көрсетілуде.

1) «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік қызметі бойынша 2022 жылдың бүгінгі күнге дейін 38қызмет қөрсетілді.

Сонымен қатар мекемеде «Өзіне-өзі қызмет ету бұрышы»  орнатылып, халыққа қызмет көрсетілуде.

Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тоқсауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі.

Алдағы уақытта белгіленген мақсат-міндеттерді орындауға бар күш-жігерімізді жұмылдырып, Аманкелді ауылдық округінде жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстарды пәрменді түрде жалғастыратын боламыз.

Мейрамбек НҰРҒАЛИЕВ,
Аманкелді ауылдық округінің  әкімі
08 желтоқсан 2022 ж. 207 0