Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамандар ауырмайтын жол іздеуді ұсынады

Мамандар ауырмайтын жол іздеуді ұсынады

Тері лейшманиозы – москиттер арқылы таралатын трансмиссивті паразитарлық ауру. Аурудың жұғу кезеңі-мамыр айының аяғынан бастап тамыз айының аяғына дейін. Негізгі табиғи резервуарлары ауру көзі – үлкен құм тышқандары. Таратушылары москиттер. Ауыратын – адам.

Тері лейшманиозы ауруымен зақымданған үлкен құм тышқандарының қанын сору барысында москиттер ауру жұқтырады. Аурумен зақымданған москиттер адамды шаққанда тері лейшманиозын жұқтырады.Москит шаққан жерде 1-2 аптадан кейін төмпешік-папула пайда болып, қышиды, 1 ай көлемінде үлкен жараға айналады. Арнайы емін алған соң ауру жазылып, сауығып кетеді. Жараның орнында кейін тыртық қалып, өмірлік иммунитет қалыптасады.

Сырдария ауданы бойынша 2022 жылдың қараша айында лейшманиоз ауруының 5 жағдайы Айдарлы, Бесарық, Іңкәрдария елді мекендерінен тіркеліп, аурушандық көрсеткіш 12,9 құрап отыр.

Жалпы соңғы 10 жылда аудан тұрғындары арасында тері және висцералды лейшманиоз ауруы тіркелмеген (соңғы рет висцералды лейшманиоз 2011 жылы О.Мәлібаев елді мекенінен тіркелген).

Науқастардың барлығы ауылдық жерлерде тұрады. Науқастар облыстық тері – венерологиялық диспансерге медициналық көмекке жүгіну кезінде анықталған, «тері лейшманиоз» диагнозы микроскопиялық әдіспен расталған.

Тері лейшманиозының белсенді жағдайлары тіркелмегендіктен аурудың табиғи резервуарларын (лейшманиоз тасымалдаушылары – үлкен құмтышқандар, шыбын – шіркейлер мен масалар) жою бойынша эпидемияға қарсы жұмыстары жүргізілмеуде. Тері лейшманиозы кезінде дератизациялық өңдеулер жүргізудің оңтайлы кезеңі – мамыр-маусым және қазан-қараша айлары болып табылады.

Аурудың алдын-алу шаралары:

Тері лейшманиоз ауруының табиғи резервуарлары-үлкен құм тышқандары мен олардың колонияларын елді мекен аясында жою;

Тері лейшманиозының табиғи ошақтарында таратушылары москиттермен күрес жүргізу;
Москиттерден қорғану есік терезелерді жабу, торлау.

Сырдария аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы
04 желтоқсан 2022 ж. 262 0