Мақсатымыз – сыбайлас жемқорлықпен күресу

Сырдария аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспарын» әзірлеп, бекітіп жыл бойы осы іс-шараның орындалуын қамтамасыз етті. Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау мақсатында басқарма басшылығы тоқсан сайын кесте бекітті. Халыққа қызмет көрсету аймағында «сенім телефоны» және Әдеп жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің байланыстары бар ақпараттық стендтер орналастырылған.
Жұмысшы тобы тарапынан әр тоқсанның қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. Басқарманың барлық қызметкерлері өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдады және тиісті міндеттемелерге қол қойды. Барлық хат-хабарларды қабылдау және беру мамандардың жеке және заңды тұлғалармен (өтініш берушілермен) байланысын болдырмайтын бір терезе қағидаты бойынша басқарманың кеңсесі және Е өтініш базасы арқылы жүргізіледі.
Facebook және Instagram ресми парақшасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық материалдар, бейнелер мен инфографикалар тұрақты негізде жарияланады. Қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында басқарма мамандарына семинарлар өткізу жоспарланды, жыл басынан бері мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы қолданыстағы заңнаманы және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын зерделеу бойынша 3 құқықтық семинар оқыту өткізілді.
Басқарма қызметкерлері мен олардың жұбайлары жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде өздерінің барлық активтерін тіркей отырып, «кіріс» декларацияларын ұсынды. Басқарманың мемлекеттік қызметшілері тарапынан проблемалық мәселелерді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды уақытылы анықтау мақсатында ақпараттық кеңістік мониторингі тұрақты жүргізіледі. Мемлекеттік қызметтер электрондық үкімет порталы арқылы электрондық тәсілмен көрсетіледі. Ағымдағы жылда жалпы 61 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ, көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ.
Семинарлар мен кеңестерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері қаралады. Басқарма басшысының қатысуымен басқарма бойынша 3 дөңгелек үстелдер, мамандармен 18- семинар - кеңестер, 5 түсіндірме жұмысы 3- акция өткізілді.
Бұл жұмыстар жалғасуда, егер Сіз, қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық фактісіне тап болсаңыз немесе санитариялық - эпидемиологиялық бақылау қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары немесе моральдық - этикалық нормаларды бұзғаны туралы белгілі болса, Басқармаға Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Ғ.Мұратбаев көшесі 103/2 мекенжайы бойынша немесе 8(724-36) 21-1-91 сенім телефоны арқылы мәлімдей аласыз.
Сырдария аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасы