Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарихи сәтке куә болдық

Тарихи сәтке куә болдық

Кеше Сарыарқа төрінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау салтанатты рәсімі өткізілген еді. Салтанатты рәсімді теледидар арқылы тамашалаған болатынбыз. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы алдында Ант берді. Алдағы 7 жылда ел басқарудағы басым-бағыттарын атап өтті.

Мемлекет басшысы ауылдық жерлерге көңіл бөлуге басымдық берді. Ауылды дамыту арқылы қарапайым халықтың әл-аухатын жақсарту керектігіне тоқталды. Сонымен бірге қарапайым еңбек адамдарының мәртебесін көтеру назардан тыс қалған емес. Қашанда елімізде тыныштық пен тұрақтылық орнап, халқымыз тату-тәтті өмір сүргені керек.

Айта кетейік, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауға белсене қатысқан ел халқына алғысын білдірді. Ел азаматтарының ортақ мақсаты – Әділетті Қазақстан құру екендігін жеткізді.

Шын мәнінде, бизнес өкілдеріне зор мүмкіндіктер жасау арқылы халықтың табысын арттыра аламыз. Шағын және орта бизнеспен айнылысқысы келетін жандар арамызда баршылық. Бұл ретте, кәсіпкерлерді тексеру мәселесіне тоқталған Мемлекет басшысы бизнес өкілдерінің кәсібін жүргізуге кедергі жасамау керектігін айтқан болатын. Сан түрлі кәсібін ашқан ел азаматтары үшін бұл – үлкен мүмкіндік.

Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

Балтабай ОРДАБЕКОВ
27 қараша 2022 ж. 142 0