Электронды құжат айналымының артықшылықтары

Электрондық құжат деректемелері электрондық-цифрлық нысанда да (электрондық-цифрлық қолтаңба, түпнұсқаландырудың электрондық кодтары т.б.), қағаз құжаттағы куәландырылған парақ түрінде де болуы мүмкін.
Қағаз түріндегі құжат айналымының кемшіліктері:
• Құжаттарды іздеуге көп уақыттың кететіндігі;
• Құжатты өмірлік циклының барлық кезеңінде оның қозғалысын бақылап отыру қиындығы;
• Құжаттарды дайындау және оларды байланыстыру уақытының ұзақтығы.
Ал электрондық құжат айналымының мақсаты мен міндеті бүгінгі қоғам жұмысының жалдамдығын қамтамасыз етуде. Оның артықшылықтары:
• қажетті құжатты іздеуге шығындалатын уақытты қысқарту;
• «қағаз» құжат айналымымен байланысты шығындарды жою;
• құжаттардың жойылу тәуекелін азайту;
• құжаттардың қате нұсқаларын қолданумен байланысты тәуекелді азайту.
Қорытындылай келсек, кез келген мекемеде электронды құжат айналым жүйесін коммерциялық мекемелерге ендіру арқылы жалпы және кадрлық басқару шығындарын едәуір азайтуға болады. Яғни, электронды құжат жұмысты жебелдетеді.
Тоғжан Маханбетова,
аудандық соттың
іс-тіркеуші инспекторы
аудандық соттың
іс-тіркеуші инспекторы