READx жобасы – рухани дамудың дағдысы
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Білімнің салтанат құруы» бағытының негізгі міндеттерінің бірі - азаматтардың білім деңгейін арттыру болып табылады. Осы орайда Ә.Тәжібаев атындағы №36 мектеп-лицейінде оқушылар арасында кітап оқуды насихаттау үшін, үздіксіз көркем әдебиет оқу - рухани даму дағдысын қалыптастыру мақсатында НЗМ ДББҰ-ның тәжірибесін негізге ала отырып, мектеп кітапханасы және тілдік пән бірлестіктерінің ұйымдастыруымен READx жобасы өтті.
READx – бұл оқырмандардың шабыттандыру алаңы, мұнда жасы мен беделіне қарамастан қатысушылар өз ой толғаулары мен жиып-тергендерін ортаға салады. READx жобасының ұраны «Оқуға ұмтыл!».
Кітапханалық READx жобасының форматы, кітап оқуды насихаттайтын дәстүрлі және заманауи тәсілдерін бірігуі.
Жобаға оқушылар, ата-аналар, мектеп педагогтары мен қызметкерлері қатыса алады. Әр спикердің оқыған әдебиеттері бойынша арнайы кітап көрме қойылды.
Тыңдаушыларға «Оқимын!» және «Ойланамын!» дауыс беру карточкалары таратылып, тыңдаушылар спикердің сөз сөйлеуі, пікірі, идеялары мен тәжірибесі қандай әсер қалдырғанын айқындады.
Мұндай жоба әсіресе, оқушылардың әлеуметтік желілерде, компьютер мен теледидар алдында уақытты босқа өткізбей, кітап оқуға шақырады.
READx жобасының нәтижесі ретінде, іс-шара аяқталғаннан кейін оқушылар мен оқытушылар өзін қызықтырған әдебиеттерді оқуға алады.
"ТТ" ақпарат