Сайлау нәтижелерін қолдау мақсатында ауданның жас кәсіпкерлерімен кездесу өтті

– Аталған сайлауға қатысу бойынша Қызылорда облысы Республика көлемінде алдыңғы қатарларда болса, біздің ауданымыз да белсенді қатысты. Бұл дегеніміз – Сыр өңірі жұртшылығының ел ертеңіне деген бей-жай қарамайтындығын білдіреді. Жергілікті кәсіпкерлер сайлау барысында айрықша қолдау көрсете білді. Бизнес өкілдері саяси науқанның сапалы ұйымдастырылуына айрықша көмектесті, – деді Еркебұлан Жақып.
Кездесу барысында Қайрат Жоламанұлы да пікір білдіріп, жастарды адал кәсіп етуге шақырды.
– Жеке кәсіппен айнылысу күрделі шаруа. Оған ерекше қабілет керек. Ұйымдастырушылық қасиет дағдыға айналуы тиіс. Мемлекет жас кәсіпкерлерді қолдайды. Зор сенім артады. Айқын бастамаларға иек артып, жүйелелі жұмыс жасау керектігін ескертемін, – деді Қайрат Жоламанұлы.