Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Сайлау қорытындысы бойынша кездесу өткізілді

Сайлау қорытындысы бойынша кездесу өткізілді

Бүгін аудандық партия филиалының мәжіліс залында аудандық мәслихат депутаттары мен ауданның зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.

Кездесу барысында аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Еркебұлан Жақып қатысушыларға аудан тұрғындарын дауыс беруге белсенді қатысқаны және Президентті қолдағаны және сондай-ақ қоғамды Әділетті Қазақстанның құрылысына белсенді қатысуға шақырғаны үшін ризашылығын білдірді.

– Қызылордалық жерлестер сайлауға белсене қатысып, нәтижесінде Республика бойынша 2 орынды иемденіп отырмыз. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңісі – бәрімізге ортақ жеңіс. Себебі, халық Әділетті Қазақстанды құрудағы Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен толық танысып, оның жүзеге асатындығына сенім артып отыр. Ендігі жерде Президентпен бір болып, аталған жұмыстарды жүзеге асыру міндеті тұр. Сонымен бірге елімізде елеулі өзгерістер орын алмақ. Келесі жылдан бастап, ең төтемнгі жалақы өседі. Әлеуметтік салаға айрықша көңіл бөлінеді. Барлығымыз ел мүддесі жолында аянбай еңбек ете бермекпіз.Әрбір қазақстандық елдің өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Біздің бағытымыз – айқын, – деді Еркебұлан Жақып.

Жиынға қатысушылар да өз ойларын білдіріп, тарқасты.
22 қараша 2022 ж. 395 0