Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Съезд делегаты зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Съезд делегаты зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін Сырдария ауданындағы зиялы қауым өкілдері Тереңөзек кентінің мәдениет үйінде бас қосып, съезд делегаты, аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Еркебұлан Жақыппен кездесті.

Айтулы жиын барысында «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV съездінің күн тәртібінде көтерілген мәселелер жайлы толығырақ айтылды.

Аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы, съезд делегаты Е.Жақып кездесуді ашып, еліміз үшін маңызды партия съезінде еліміздің болашағы үшін, партия мүшелері Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынып, ұсыныс делегаттармен бірауыздан мақұлданғандығын және партиямыздың жаңа Саяси тұғырнамасы бекітілгені жайында айтты.

Президентіміз көп векторлы саясат жүргізуде. Елімізде іске асып жатқан реформалар Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Кемелұлының халыққа жаны жақын тұлға, тәжірибелі басқарушы екенін көрсетіп отыр. Сондықтан Халықтық коалиция құрылып, бірнеше партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің алда болатын кезектен тыс Президент сайлауында Тоқаевтың кандидатурасын қолдап, ұсынғанын,- Е.Жақып атап өтті.
Кездесу соңында ауданның зиялы қауым өкілдері партия съездінің шешімдерін толық қолдайтындықтарын жеткізді.
12 қазан 2022 ж. 388 0