Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесті

Бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесті

Бүгін облыстық мәслихатының депутаты Есқалиева Гүлнара Бабабекқызы аудандық партия филиалының мәжіліс залында аудандық партия филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдары төрағаларымен және мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Гүлнара Бабабекқызы 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумның маңыздылығына тоқталып, саяси іс-шараға белсенді қатысуға шақырды.

"Мемлекеттің негізгі құжаты Конституцияға толықтырулар мен өзгерістер енгізілуіне байланысты жалпыхалықтық референдум өтеді.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған қоғамды жаңғырту бағыты баршамызға еліміздің саяси жүйесінде орын алып жатқан тарихи өзгерістердің қатысушысы болуға бірегей мүмкіндік беріп отыр. Жаңа Қазақстанды құру сіз бен біздің қолымызда екенін ұмытпағанымыз дұрыс",-деді өз сөзінде.

Аудандық партия филиалына қарасты 24 бастауыш партия ұйымы бар. Барлық бастауыш партия ұйымдарында саяси шараның маңыздылығы бойынша түсіндірме кездесулер өткізілуде.
24 мамыр 2022 ж. 258 0