Әділетті Қазақстан құру жолындағы маңызды қадам

Аймағымыз республика бойынша қатысуымен 2 межеден көрініп отыр екен. Бұл қарт өзенді жағалаған Сыр жұртшылығының мерейі деп білеміз. Қаймағы бұзылмаған Сыр елінің мемлекетіміздің болашағы үшін бей-жай қарамайтындығын көрінісіне тағы да куә болдық.
Бүгін сайлауда жарқын болашағымыз үшін өз дауыстарын жерлестеріміз берді. Халық бұл күнді мереке ретінде сезініп, жақсы көңіл күймен қабылдады.
"Президент сайлауы - әділетті қоғам құру жолындағы маңызды қадам" болды. Сайлауға қатысу әрбір тұрғынның болашақ алдындағы парызы.
Еліміз тағы бір белестен өтіп, асқар шыңдарға қол созбақ. Ендігі кезекте әділ мемлекет басшысымен Әділетті Қазақстанды бірге жасайық, болашаққа бірге қол созайық. Баршаңызды жағымды өзгерістерді қалыптастыру мақсатында өткізілген саяси маңызы бар шараның аяқталуымен, әділетті қоғам жолындағы маңызды қадамның бастамасымен құттықтаймын!
Мұса КЕЛДІБАЕВ,
Сырдария аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы