Ел үшін жасалған елеулі қадам

Біз өз дауысымызды ел болашағын сенімді түрде қорғайтын адамға жүктедік, бізге көптің көңіліндегі мәселені шеше алатын, түрлі саладағы реформаларға тиісінше оң нәтиже беретін адам қажет.
Сайлау – халық пен билік арасындағы сенім институты. Демократияны дамытуға жасалған маңызды қадам. Теңдік, сайлау – көпшілік дауысымен шешілетін мәселе. Әділ сайлау – әділетті қоғам үшін қажет. Биылғы жылы оң өзгерістер мен жаңашылдық жылы болды. Лайым, әрі қарай осылай жалғасса екен деймін.
Енді болашағымыз үшін, балалардың болашағы үшін, осы сайлауға атсалысып, белсенді қатыстық. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, біздің әр дауысымыз ел тағдыры үшін, дамыған мемлекеттердің қатарында болуымыз үшін маңызды деп есептедік.
Осындай маңызды күні белсенділік танытып, жоғарғы межеден көрінген Сыр жұртшылығына алғыс білдіремін.
Ұлмекен ЖАНАЛИЕВА,
Сырдария ауданының Құрметті азаматы,
"Сырдария ауданының әйелдері" қоғамдық бірлестігінің төрайымы