Бұдан 29 жыл бұрын...

Елбасы Н.Назарбаев 1991 жылдың 28 тамызында Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарды. Сөйтіп халыққа зардабын тигізген үлкен полигон жабылып, ядролық қарудан бас тартылды.
Осы атаулы күннің 29 жылдығына орай "Сырдария" қоғамдық қоры "Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қоғамдағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар ұйымдастырумен, қайырымдылық көмектер жасау" жобасы бойынша кездесу ұйымдастырылып, онда Елбасының Жарлығымен полигонның жабылғаны еліміз үшін маңызды оқиға болғаны атап өтілді. Кездесуді қор төрайымы Н.Керейтбаева ашып, Семей сынақ алаңында әскери борышын өтеген сырдариялық азаматтарды 29 жылдық мерекемен құттықтап, оларға сыйлықтар табыс етті. Кездесуге қатысқан ардагерлер Ж.Садықов, Ш.Отарбаев, Р.Исабергенов басқосудың маңызды болғанын атап өтті.
Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ