Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу жұмыстары жалғасуда
Ағымдағы жылдың 7-9 қарашасында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Мырзалы Серікжан Қуанышбекұлы облыс әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Мәшбекұлымен жұмыс сапары аясында Шиелі, Жаңақорған және Жалағаш аудандарына барды.
Сапар барысында ол өңірлердің проблемалық мәселелерімен танысты, салынып жатқан нысандарды аралады, кәсіпкерлермен кездесті және азаматтарды қабылдады.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ ауданның құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен қоғамдық кеңестердің өкілдері қатысты.
Отырыс барысында С.Мырзалы Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жаңа тәсілдері туралы айтты.
Агенттік әрбір өңір үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын әзірледі. Онда процестердің ашықтығына, әкімшілік кедергілердің болуына, заңнаманың жетілмегендігіне байланысты шешімін таппайтын өзекті мәселелердің тізбесі көрсетілген-деп хабарлады Департамент басшысы.
Сондай-ақ, аудан кәсіпкерлерімен олардың проблемалық мәселелерін шешу және іскерлік ахуалды жақсарту бойынша ұсыныстарды талқылау бойынша кездесулер өтті.
"Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау Мемлекет басшысы айқындаған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым міндеттерінің бірі және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі шарты болып табылады", - деп атап өтті С.Мырзалы.
Кездесу соңында қатысушыларға бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың жауапкершілігі, Агенттіктің 1424 Call орталығы туралы еске салынды, оның негізгі міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтарды тегін консультациялық қолдау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы келіп түскен телефон хабарламаларына жедел ден қоюды қамтамасыз ету, сондай-ақ ауданның проблемалық мәселелері бойынша ұсынымдар берілді.