Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№79 газет

05 қазан 2024 ж.

№ 78 газет

01 қазан 2024 ж.

№ 77 газет

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » «Аяу­­лым» сән салоны тегін қызмет көрсетеді

«Аяу­­лым» сән салоны тегін қызмет көрсетеді

Бұл идеяның авторы – жеке кәсіпкерлікті жақында қолға алған тереңөзектік Әсел Оразбаева. Аудан орталығынан «Аяу­­лым» сән салонын ашып, тұрғындарға қызметін көрсете бас­таған кәсіпкер келіншек мұндай мүмкіндікке өткен жылы мемлекеттік бағдарламамен қайтарымсыз грант алу арқылы қол жеткізді.

Жұмыссыз ретінде ұзақ жыл бойы қоғамдық негізде еңбек еткен Әсел жұмыссыздарды мемлекет тарапынан қолдау тетігін пайдалану үшін арнайы курстан өтті. Оның алдына қойған мақсаты шаштараз мамандығын үйрену болды. Екі ай бойы оқып, жаңа мамандықты үйренген Әсел бір ғана оқу курсымен шектелмеді. Өзін одан әрі дамытуға күш салған болашақ шаштараз өз қаражаты есебінен курс бағдарламасын тереңнен мең­гер­ді. Шашқа түрлі сән үлгісін жасау, шаш қию, бет әрлеу, маникюр, жасанды кірпік жасауды үйренуге тәжірибелі ма­ман­дардың шеберлік саға­тынан өтті. Қазіргі кезде «Ең­бек» нәтижелі жұмыспен қам­тудың екінші бағыты бойынша қол жеткізген қайтарымсыз несиені мақсатты пайдаланып, қара­жатқа қа­жетті құрал-жабдық­тарын алды. Оның сән салонында бүгінде өзінен басқа екі шебер жұмыс жасайды.

– Екі қолға бір жұмыс таппай қаншама уа­қыт жүрдім. Мамандығым бойынша жұмыс та­был­­мағандықтан, жұмыс­сыз­дық­қа тір­келіп, жыл сайын қоғам­дық негізде «Халыққа қызмет көр­сету орталығында» қызмет еттім. Мемлекет тарапынан жұмыссыздарға көрсе­тілетін көмектің тиімділігіне кө­зім жетті. Алдыма мақсат қойып, сән салонын ашуға бел байладым. Алдымен арнайы курстан өтіп, қайта маманданып, қазіргі кезде өзімді нағыз кәсіп иесімін деп санаймын. Қолымнан келгенше кәсіппен айналысып, отбасымды асырасам, табыс тауып, балаларымды жеткізсем одан асқан бақыт болмас, – дейді сән салонының иесі Әсел Жанайдарқызы.

Әсел – бүгінде үш баланы жалғыз асырап отырған ана. Оның жолдасы осыдан 6 жыл бұрын бақилық болған. Өмірдің сынағына төтеп беріп, табыс тауып, белгілі кәсіппен айналысуды мақсат еткен келін­шектің табанды еңбегі мұны­мен шектелмейді. Ол өмір теперішін көргендіктен мұқтаж жандарға көмек қо­лын созуды қолға алды. Кәсіп иесі әр аптаның дүйсенбі күнін қайырымдылыққа арнайды. «Қайрымды дүйсенбі» деп атау берген осы күні шаштараз қызметін нағыз мұқтаж жандарға тегін көрсетеді.

– Тепсе темір үзетін азаматтар жұмыссыз жү­реді. Оларды мұқтаж деп айта алмаймын. Сон­дықтан қызметімді мұқтаж әйел адамдар мен шын мәнінде қаржыдан тапшылық көрген отбасылардың балаларына көрсетемін. Әзірге ондай жандар көптеп келіп жатқан жоқ. Мүмкін мұндай қызметімнің барын білмегендіктен болар. Бұл ретте, газетті пайдаланып, шын мұқтаж жандарға өз қызметімді дүйсенбі күні ұсы­натынымды айтқым келеді, – дейді қайырымды ана.

Жұмыссыздық мәселесін жою, жұмыс­сыз­дар­ға кәсіптерін бастауға қайтарымсыз несие беру, қажет болса қайта ма­мандануға курс­тарды ұйымдас­тыру – мемлекеттік бағдарлама арқылы іске асады. Негізінен, жұмыссыз азаматтар қазіргі за­манға тиімді деп тапқан идея­сын жүзеге асыру үшін бинес-жоспар әзірлеп, қажетті қаржылық қолдауға ие бола алады. Бас­тысы, кәсіпті бастауға батылдық танытып, ең­бектің түбі береке екеніне сеніммен қарау.

Өз кәсібін бастаған Әсел Оразбаеваның шаштаразы кенттегі көп қабатты тұрғын үйдің төменгі қабатында орналасқан. Ол шағын пә­терді жалға алып, демалыссыз жұмыс істеуде.

Бибісара ЖАНӘЛІ
02 ақпан 2021 ж. 758 0