Жолдау жастар арасында насихатталды
Бүгін Тереңөзек кентінің мәдениет үйінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын жастар арасында насихаттау шарасы өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар елді алға бастайды, ал болашақтың кілті цифрлық технология мен инновацияда. Сондықтан бірнеше тіл біліп, түрлі кәсіп игеру жастардың қолынан келеді. Президент атап өткендей, еліміз бәсекеге қабілетті болуы қажет. Халқымыздың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсарту керек. Осы тұрғыда Мемлекет басшысының Жолдауында қарастырылған басым бағыттары бойынша ақпараттық-насихат топ мүшесі Шахарбек Нұрсейтов атап өтті.