Мұғаліммен мақтанамыз

№36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің киелі шаңырағында бір сыныпта 27 ер бала, 5 қыз бала, 32 оқушы білім алып, ұстаз берген білім нәрімен өстік. «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» деген даналық сөз біздерді тек жақсылықтың баспалдағына жетеледі. Сол баспалдақтың ақылшысы, біздің бала жүрегімізде нық орын алған, аяулы ұстазымыз – Жайна Кенжебекқызы Асқарова.Бір сыныптағы оқушының әрбірінің анасы болып, өзінің сабырлы, салмақты мінезімен санамызға тәрбие шырағын өмірлік азық етіп жақты. Бізге 5-ші сыныптан бастап сынып жетекші болып, біздің қиқарлығымызбен еркелігімізді көтерген ұстазымыз бізге оң бағыт беріп, қайсарлыққа, шыдамдылыққа баулығаны бәрі-бәрі ұмытылмайды. Біз өз анамызбен ұстазымызды қатар қоя аламыз. Себебі, ұстазымыздың бізге берген білімі, тәрбиесі, еткен еңбегі өте көп. Ол кісіге деген құрметіміз шексіз. Міне, бүгінде біздер, ұстазымыз Жайна Кенжебекқызының 2017 жылы мектеп бітірген түлектері, бір-бір мамандық иесі болып, енді біріміз Отан алдындағы борышымызды өтеп, елімізге қызмет етудеміз. Біз үшін Жайна Кенжебекқызы – мықты ұстаз, ең үздік сынып жетекші деп білеміз. Қашанда ұстазымызды мақтан тұтамыз. Осындай үлкен жүрекпен бізге білім мен тәрбие берген ұстазымыз Жайна Кенжебекқызын ұстаздар күнінде құрметтеу – біздің парызымыз. Алдағы уақытта да ұстазымызға шәкірт тәрбиесінде жоғары жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз. Жайна Кенжебекқызы Асқарованы ұстаздар күні мерекесімен құттықтаймыз!
№36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің 2017 жылғы түлектері