Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәрбие мен оқытуды ұштастырған орталық

Тәрбие мен оқытуды ұштастырған орталық

«Балалар жылы» ая­­сын­да аудандағы ба­лабақшалар мен ­ша­ғын орталықтар­дың жұ­мысын ақпа­рат­тан­дыруды жыл басында баста­ған­быз. Бүгін №129 Ә.Жәмішев атын­дағы мектеп-лицейі жанындағы «Күн­шуағы» шағын ор­талы­ғының жұмы­сы туралы айтатын боламыз.

2010 жылы наурыз айында ашылған шағын ор­талық мектеп-лицей ғимаратында орналасқан. Онда екі топ жұмыс істейді. «Балақай», «Балапан» тобын­да 40 бүлдіршін тәр­биеленуде. Бүл­дір­шін­дер­дің жас ерекшеліктеріне қарай көрнекі құрал­дар­мен жаб­дықталған. Кең әрі таза бөлмелерде балалар күнұза­ғына оқу-тәрбие жұмысымен қамтылады. Орта­лық­та 5 тәрбиеші, 1 музыка жетекшісі қызмет ат­қарады.

– Оқыту мен тәрбиелеу үрдісі Қазақстан Респуб­ликасының Мем­­ле­кеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқы­тудың» негізгі ережелеріне сүйеніп жүргізіледі. Оқу жылының басында мақсат-міндеттер ай­қын­далады. Мұнда орта топ, ересек тобы болғандықтан үлгілік оқу бағдарламасы басшылыққа алы­на­ды. Оқу жоспарында білім саласының мазмұнын меңгеруге бөлінген ұйым­дастырылған оқу іс-әрекетінің жос­пары базалық оқу жоспарында белгіленген ұйым­дастырылған оқу іс-әре­кетінің санымен сәйкес­тендіріледі, – дей­ді орталық әдіскері Салтанат Ермекова.

Шағын орталықта күн тәртібіне сәйкес іс-әрекеттің ұйымдастырылуы қадағаланып, бақылау жүргізіліп, оған талдау жасалады.

«Балапан» тобының тәрбиешілері Күләш Майлыхожаева, Гүлмира Әли және Ақбота Үббіхожаевалар балалардың әрбір күнін қуанышқа толтыру мақсатында қызықты іс-шаралар өткізеді. Тәрбиешілер балаларды балабақшаға бейімдеу, мәдени-гигиеналық дағдыларды меңгеру, қалыптастыру, ойын арқылы балалардың дұ­рыс сөйлеуіне ықпал етуге дағдыланған. Жыл бойы өтетін іс-шаралар ойын түрінде өтуге негізделген.

– Үстел үсті, қуыршақ театры, шағын сахналау ұйым­­дас­тырылады. Балғындардың халық ауыз әдебиеті мен көр­кем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру мақсатында фланеграфта «Шалқан», «Бауырсақ», «Үйшік» ерте­гілерін қойдық. Балаларға жыл мезгілдерді ажырату, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру бағытында «Күзгі орманға қонаққа бару», «Гүлдерді кү­тіп баптау» секілді ашық байқаулар өткіздік. «Менің әжемнің ертегісі», «Жаңа жыл кешінде», «Аналар кү­ні» атты ертеңгілік бүлдіршіндердің ой-өрісін дамытуға септігін тигізді, – дейді тәрбиеші Күләш Майлыхожаева.

«Балақай» тобына биыл 20 бала қабылданған. 4-4,5 жас аралығындағы балаларға Индира Қосжанова мен Фарида Нәбиева тәрбие береді.

– Шағын орталыққа балам­ды әкелдім. Мұнда ұлым тәрбиешілердің қарауында болады. Күнделікті жүр­гізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының арқасында балам анық сөйлеп, тақпақ айтуды үйренді. Мектепке дайын­дықтың алғашқы сатысын қалыптастырып жатқан ша­ғын орталық тәрбиешілеріне алғыс білдіремін, – дейді ата-ана Меңтай Тәжіхожаева.

Мектепке дейінгі тәрбие беру мекемесі бүлдіршіндері жыл бойы мәде­ни-ги­гиеналық дағдыларын қалыптасты­рып, ті­лін жетіл­діреді. Достыққа, патриоттық сезімге тәрбие­ленеді. «Білім күні», «Менің атам», «Қарттарым – асыл қазынам», «Күз сыйы», «Жасыл шырша жанында», «Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы», «Нау­­рыз – жыл басы», басқа да іс-шаралар өткізу жоспарға енген. Әрбір іс-шара барысында әуез жетекшісі Айжамал Ташауова балаларды ән айтуға баулып отырады.

Шағын орталықтың педагог-психологы Салтанат­ Мейрамқызы балаларды экологиялық тәрбие беру, табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеп, жиі-жиі маусымдық серуендер ұйымдастырады. Балалармен құстарға үйшік жасап, ор­талықтың ауласындағы ағашқа балғындармен бірге ілуі үлкен қуанышқа ұласты.

Тәрбиешілер ата-аналармен де әртүрлі тәрбие жұ­мыстарын, мәдени іс-шаралар өткізуді назардан тыс қалдырған емес. Ата-аналар барлық ашық байқауларға, ертеңгіліктерге қатысады. Жылдың басында және жыл соңында ата-аналардан сауалнамалар алынып, нә­тижесі бойынша жұмыс жоспарына ұсыныс-пікірлері ен­гізіледі.

Осылайша, бүгінде Шіркейлі ауылындағы мектеп-лицей жанындағы «Күншуағы» шағын орталығында мектепке дейінгі тәрбиенің негізі қалануда.
Бибісара ЖАНӘЛІ
20 қыркүйек 2022 ж. 568 0