Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қылмысты болдырмауға сақтық керек

Қылмысты болдырмауға сақтық керек

Мемлекет басшысы Жолдауда «Заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономи­калық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы. Азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы, дұрыс және әділ шешім шығару қажет. Азаматтар мүддесіне қызмет ететін мемлекеттің жаңа стандарттарын әзірлеу үшін көп жұмыс атқаруымыз керек» деген болатын. Соның ішінде елімізде мәселеге айналған қылмыстылық ахуалды тұрақтандыруға қатысты заң үстемдігіне басымдық берген болатын.

Ақпараттық қоғам жедел дамыған сайын интернет алаяқтық қылмыстары да айтар­лықтай өсім алуда. Бүгінгі қоғамда орын алып жатқан қылмыстардың басым көпшілігі осыған тікелей байланысты. Сондай-ақ қазір аймақта, оның ішінде аудан көлемінде мал ұрлығы және жол-көлік оқиғасы да жиі орын алуда.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, облыс бойынша алаяқтық 16 пайызға, қарақ­шылық 75 пайызға, жол жүрісі қағи­даларын бұзу қылмыстары 27 пайызға, одан қайтыс болғандар саны 53 пайызға өскен. Ал ауданда алаяқтық 100 пайызға, қарақшылық 100 пайызға, жол көлік қылмыстары 120 пайызға, мал ұрлығы 300 пайызға дейін өсім алған. Осы көр­сеткіштерге қарап қылмыстылық ахуал күрт көбейгенін аңғаруға болады. Осыған байланысты тұрғындар өздеріне тиесілі мү­лік­тер мен заттарға аса сақтық танытуы тиіс.

Бүгінде екі күннің бірінде жұртшылық интернет алаяқтыққа кезігіп жатады. Осы қылмыстың ішінде қаржы пирамидасы бо­йынша көпшілік алаяқтардың арбауына түсіп қалуда. Цифрлы технологияларды жетік мең­геріп алған әккі алаяқтар тұрғындарға телефон шалып, небір оқиғалардың қисынын келтіріп, олардың банктік есепшоттарының деректерін білу арқылы қаржыларын жым­қыруда. Одан бөлек интернет сауда жасау барысында да алданып қалып жатқан тұрғындар жетерлік. Сондықтан онлайн сау­­да жасауда тұрғындар күмәнді транзакциялар жасаудан бас тартуы қажет. Оған қоса, телефон шалу арқылы банктік есепшоттар сұралып жатса, дереу құқық қорғау органдарына хабарласып, алаяқтарды құрықтау керек. Қазіргі кезеңде әрбір адам өзіне тиесілі жеке құжаттар мен банктік дереккөздерді бөгде адамдарға көрсетіп, айтпауы тиіс. Айта кетейік, жұмысқа орналасу, пәтер, үй, жер алу және кез келген материалдық жетістікке жету үшін Заң тәртібімен реттеледі.

Егер де Сіз Интернет алаяқтық құрбаны болсаңыз, келесі шараларды атқаруды ұсы­намын. Біріншіден, чектер, хаттамалар, телефон нөмірлері секілді маңызды ақпаратты сақтап қою қажет. Екіншіден, тұрғылықты ме­кен жайға жақын орна­ласқан полиция бөлім­шесіне немесе 102 қызметіне жедел хабарласу керек. Сондай-ақ Қазақстан Респуб­ликасы Бас прокуратурасының бұйрығымен көзделген талапқа сәйкес үлгі бойынша қыл­мыстық құқық бұзушылық туралы өтінішті толтырып, оны полицияға апарған дұрыс. Не­гізінен, алаяқтардың алдап-арбауынан сақ болғаны жөн.

Өңірдің географиялық ерекшелігіне бай­ланысты аудан төңірегінен «Батыс Еу­ропа-Батыс Қытай» автодәлізі өтеді. Осы авто­жолда көлік санының көбеюі жол-көлік оқи­ғаларының жиілеуіне себепші болып отыр. Мәселен, биылғы есепті мер­­зі­мде 14 жол-көлік оқиғасы бойынша 9 адам өмірден өтсе, 20 адам ауыр дене жа­ра­қатын алған. Мұнда жол жүрісі ережесін бұ­зу, көлікті масаң күйде басқару салдарынан осындай қайғылы жағдайлар орын алуда.

Осы тұста, жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында ауданда бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Атап айтар болсақ, ауданға қа­расты кент және ауылдық ок­ругтерде мал­дардың автомобиль жолына шығуын болдыр­мау мақсатында бар­лық учаскелік полиция инспекторларына 32 сақшы-сарбаздарды қоғамдықпен жіберу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 16 адам жолданып, жұмыс жасауда. Басқа елді мекендерге да сақ­шы сарбаздарді жіберу бойынша тиісті жұ­мыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ «Батыс Еуропа - Батыс Қы­тай» тас жолы бойындағы жақын орна­ласқан елді мекендердегі мал ұстайтын үй иелеріне түнгі мезгілде жануарлардың мойындарына жарық қайтарғыш лента­лардың тағылу қажеттілігі жөнінде түсін­дір­мелер берілуде. Автодәлізге жақын орналасқан елді мекендердегі ауыл шаруа­шылығы жануарларының 2427 мал иелері анықталып, кент және ауылдық ок­руг әкімдері, ветеринариялық станциямен бір­лесіп мал иелеріне үнпарақтар тараты­лып, жұмыстар жандандырылуда. Осы рет­те, барлық елді мекендердің тұрғын­дарына жол-көлік оқиғаларын алдын алу және оны болдырмау мақсатында аталған жарық қайтарғыш ленталарын үй жануар­­ларына тағуға кеңес беремін. Себебі, сіз­дер осы әрекет жасау арқылы жол-көлік оқиға­ларының алдын алуына және адам өмірін қауіптен сақтап қалуына септігін тигізесіздер.

Жалпы, көлік тізгіндегенде жол ережесін қатаң сақтау керек. Жылдамдықты шектен асырған сайын адам өзінің өміріне, одан бөлек өзгенің өміріне қауіп келтіреді. Жол ережесін сақтамаудың салдарынан адам тағдырлары жол үстінде қиылып, оның арты орны толмас қайғыға душар етеді. Жол ережесін бұз­ғандар жауапкершіліктен жалтармайды. Сондықтан әрбір көлікті тізгіндеуші жандар жол ережесін қатаң сақтауы тиіс. Сондай-ақ автокөлікті масаң күйде басқаруға қатаң ты­йым салынады. Көлік тізгіндеген жүргізушілер «Жол ережесін сақтаңыз, жылдамдықты асыр­маңыз! Сізді үйіңізде жақындарыңыз күтіп отыр» дегенді үнемі жадыңызда сақтауы тиіс.

Аудан көлемінде мал ұрлығы да азаймай тұр. Бұған қатысты жаза күшей­тіл­генімен мал ұр­лайтындардың айылы тыйы­лар емес. Тіпті, көрсеткіштің өсім алуы олардың біреудің адал малына қас­­тық жасауы екенін аңғаруға болады. Мал ұрлығына қатысты да тұрғындар бар­­­лық қажетті шараларды қабылдауы тиіс. Жоғалған немесе ұрланған уақытта құқық қорғау қызметкерлеріне жедел хабар­лау, қарақшыларды құрықтауға септігін тигізеді. Одан бөлек, ауданда учаскелік полиция инспекторлары ауыл­дық округтердің әкімде­рімен бірлесіп, жұртшылықтың күнкөріс жасап, асырап отырған малдарын оның ішінде ірі қара малдарын пада арқылы бағылуына аса мән беріліп, тұрғындарды пада, кезекпен мал бағу жұмыстарына тарту бірінші кезекке қойылған. Барлық ауылдық елді мекендерде пада ұйымдастырылған. Пада санын ұлғайтуға қажетті шаралар қабылдануда. Негізінде, мал ұрлығына бірлесіп тосқауыл қойсақ қана бұл қылмыстың алдын алуға болады.

Қазіргі таңда мал ұрлығы үшін жаза күшейтілді. Бұл қылмыс түрі үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы заң­мен көзделген.

Жалпы, аудан көлемінде алаяқтық, жол жүрісі, мал ұрлығы және басқа да қыл­мыс­­тардың алдын алу бойынша тиісті тү­сіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Сонымен қатар әлеуметтік желілер мен жергілікті басылымда арнайы материалдар жариялануда. Аудан әкімдігі тарапынан тоқсан са­йын құқық бұзушылыққа байланысты комиссия отырыстары өтіп, онда өсім алған қылмыстарға қатысты нақты тапсырмалар жүктеледі. Қалыптасқан қыл­мыстарға байланысты жақында аудан әкімінің төрағалығымен жедел кеңес өт­кізіліп, қылмыстылық ахуалды төмен­детуге байланысты тапсырмалар жүктелді. Негізінде, жоғарыда атап өткен қыл­мыс­тарды болдырмау үшін әрбір адам өздеріне тиесілі мүліктерге ұқыптылықпен қарап, сақтық танытқаны жөн.

Ернар ЗҰЛҚАРНАЕВ,
аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық
жұмыстар бөлімінің басшысы
10 қыркүйек 2022 ж. 237 0