Тағылымы мол басқосу
Биыл ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толды. Атаулы мереке биыл ЮНЕСКО көлемінде тойлануда. Қазақтың рухани көсемі атанған тұлғаның мерейтойы жыл бойына аталып өтілуде.
Осы орайда аудандық кітапханада «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты дөңгелек үстел өтті. Кейінгі ұрпаққа үлгі-өнегесі мол іс-шараны аудандық кітапхана Сырдария аудандық сотының қызметкерлерімен бірлесе ұйымдастырды. Мәдени іс-шараға сот төрағасы Руслан Алдамбергенов, сот судьясы Дәурен Ералиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, халықаралық «Қазақ тілі» ҚБ аудандық филиалының төрағасы Шаһарбек Нұрсейітов, №126 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ақжарқын Есназарова және оқушылар мен кітапхана қызметкерлері қатысты. Меймандар ең алдымен кітапхана дәлізіне қойылған «Қазақ тіл білімінің атасы – Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбындағы кітап көрмесімен танысты. Көрмені кітапхана қызметкері Еркінай Пазылбекқызы таныстырып өтті.
Дөңгелек үстелді ашып беріп, алғы сөз сөйлеген аудандық сот төрағасы Р.Алдамбергенов ұлт ұстазының қазақ руханиятына сіңірген еңбегі зор екенін атап өтті.
– Ұлылыққа тән бар қасиетті бойына ұялатқан асыл арыс екі ғасыр тоғысындағы алмағайып заманда елінің елдігі, туған халқының теңдігі үшін отаршылдыққа қарсы тұрып, қажырлы қайратымен ұрпақ жадында мәңгіге сақталып қалды. Биыл ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілуде. Ахмет Байтұрсынұлы – тек күрескер тұлға ғана емес, заманның алмағайып шақтарын көркемдік танымға арқау етіп, оны шынайы шыншылдықпен суреттеген ақын, ағартушы, публицист. Қайраткердің өз кeзeңiндe мaңызды бoлғaн тұжыpымдapы қaзipгi күнгe дeйiн құнын жoғaлтқaн жoқ. Кepiciншe, ұлттық тәpбиeнiң pөлi apтып, мaңызы күшeйiп, қaжeттiлiгi apтқaн cәттe eң қaжeттi caуaлдың жaуaбын A.Бaйтұpcынұлының мeктeп, бaлa тәpбиeciн cөз eткeн пeдaгoгикa мeн мeтoдикaғa apнaлғaн мaқaлaлapы мeн eңбeктepiнeн тaбa aлaмыз, – деді аудандық сот төрағасы.
Одан кейін сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев бұл мерейтойдың қазақ халқы үшін қаншалықты маңызды екенін атай отырып:
– Axмeт Бaйтұpcынұлы мaқaлaлapындa қaзaққa кepeктi бacты дүниeлерді ұдайы көтеріп отырған. Гaзeт бeттepiндe жep мәceлeci, coт xaқындa, тiл бiлiмiмeн қaтap бaлa oқыту жaйы туралы мақалаларын шығарып отырған. Бaлaлapды бiлiм нәpiмен cуcындaтқaн қоғам қайраткерінің eңбeктepiнeн қaзaқ бiлiм беру жүйeciнiң aлғaшқы кeзeңiн көpe aлaмыз. Тұңғыш әліпбиді жасап, ұлтқа қызмет еткен тұлғаларға біз қарыздармыз. Ал ата-бабадан қалған мұраны сақтау – жастардың қолында, – деді.
Халықаралық «Қазақ тілі» ҚБ аудандық филиалының төрағасы Ш.Нұрсейітов «Тілге құрмет – елге құрмет» екеніне тоқталып өтті. Сондай-ақ аудан бойынша тіл мәселесі төңірегінде атқарылып жатқан іс-шаралар туралы сөз қозғап, қазақ тілінің сақталып қалуына алдыңғы буын қалай күш салса, бүгінгі ұрпақтың міндеті ата-баба аманатын ертеңгі ұрпаққа бұзбай жеткізу екенін айтты.
Рухани басқосу барысында ұлт ұстазына арналған облыстық ғылыми жобадан жүлделі орын алып жүрген №126 мектеп оқушысы Талшын Төребекова ғылыми жұмысын көпшілікке таныстырып өтті. Сондай-ақ оқушылар Асылай Бектасқызы А.Байтұрсынұлына арнаған жүрекжарды арнауын оқып берсе, Әсет Өмірбеков ақынның «Кісі мен көлеңке» мысалын жатқа оқыды. Іс-шара соңында меймандар, үлгі боларлық басқосулардың жиі өткізілуін ұсынды.
Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ